• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2019

Павлодарда бір тәуліктің ішінде 57 саяжай өртенді

906 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте өңірде бірнеше саяжай учаскесі отқа оранды, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметіе қарағанда, сағат 11.39-да кезекшілік бөліміне Центральная көшесіндегі «Металлург» бағбаншылығында адам тұрмайтын алты саяжай учаскесінде ағаш құрылымдар мен төбесі,  саяжай аумағынан тыс екі гектар жерде қамыс жанғаны туралы  хабарлама түскен. Тілсіз жаудың орын алуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған. Өртті сағат 13.42-де № 34, № 2 ӨБ-нен сегіз адам мен үш  автоцистерна сөндірді.  Сондай-ақ, түс мезгілінде «Энтузиаст» бағбаншылығында Сосновая, Восточная, Яблоневая көшелерінде 49 саяжай учаскесін қызыл жалын шарпыған. Оның 46-сы бос тұрған саяжайлар. Ағаш құрылымдар мен сегіз гектар аумақта қамыс жанған. Қазіргі таңда қолданыстағы саяжайлардың кімге тиесілі екені анықталуда. Оқиға орнында № 2, № 34, № 1, № 2 ӨБ-нен 13 адам мен төрт автоцистерна жұмыс істеді. «Здоровье» бағбаншылығында Ромашковая көшесі, 107 және 109 мекенжайы бойынша саяжай учаскелерінде кірпіш үйлердің ағаш құрылымдары мен құрғақ шөп жанған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі, саяжай учаскелерінің иелері анықталуда. Өртті сөндіруге №1 мамандандырылған ӨБ-нен жеті адам мен екі автоцистерна жұмылдырылды.

Ал бүгін таңғы сағат бесте Будчанов  көшесі, 62 мекенжайы бойынша ашық аумақта тұрған 2005 жылғы ВАЗ 21 көлігі толығымен жанып кеткен. Қызыл жалынды № 2 ӨБ-нен бес адам мен бір автоцистерна сөндірген. 

Бұдан басқа, Шарбақты, Ертіс, Павлодар аудандары мен Екібастұз және Ақсу қалаларының ауылдық аймақтарында 400 гектардан астам құрғақ шөп өртен