• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2019

Еліміздің бес өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

674 рет
көрсетілді

Синоптиктер ауа райына байланысты бірқатар өңірлерде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

25 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, батыстан және шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Түнде солтүстік және таулы аудандарда үсік жүреді. 

Осы күні Шымкент және Түркістан қалаларында түннің бірінші жартысында найзағай жарқылдауы ықтимал. Батыстан және шығыстан өкпек жел соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

25 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні түнде 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. 

25 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел күші 15-20 м/с дейін жетеді.   

25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей аймақтарында тұман түсіп, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. 

Петропавл қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.