• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2019

Шымкентте муниципалдық автобус паркін құру арқылы жолаушылар тасымалының жағдайын жақсартуға болады

1015 рет
көрсетілді

«Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов Шымкенттегі жолаушылар тасымалының жағдайын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Басқарма төрағасының айтуынша шаһардағы жолаушылар тасымалының негізгі мәселелері: Жолаушыларға қызмет көрсету сапасының төмендігі, төмен мәдениет және жүргізушілердің көлікті дұрыс басқармауы, автобустардың жолаушыларды нормадан артық толтыруы, тасымалдау қауіпсіздігі, маршруттар кестесін сақтамау,  маршрутқа тек қана час-пик уақтысында шығу, тиімді емес маршруттарға қызмет көрсетпеу, электронды билеттеу жүйесін енгізу және муниципалдық автобус паркін пайдалануға беру болып отыр.

«Электронды билеттеу жүйесін енгізу және муниципалдық автобус паркін пайдалануға беру бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, көлеңкелі айналымнан жол жүру ақысын шығару, ескірген қалалық автобустар паркін жаңарту, қалалық жолаушылар тасымалы қауіпсіздігі мен сервис деңгейін арттыру, қазіргі заманғы автобус паркінің өндірістік инфрақұрылымын құру»,  дейді Рашид Аюпов.

Осы келеңсіздіктердің алдын-алу үшін «Болашақ» түлегі әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған 8 түрлі жоба-жоспарымен бөлісті.

Атап айтар болсақ: 1. Муниципалдық автобус паркін құру – «ShymkentBusLine» ЖШС 2. ПТӘ инфрақұрылымын салу 3. Субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту 4. Орталық диспетчерлік қызмет 5. Бақылау-тексеру қызметі 6. Пайдаланушыларға қызмет көрсету орталығы 7. Сервистік-техникалық қызмет 8. Көліктік емес төлемдер қызметі

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 27 көлік компаниясы жолаушылар тасымалымен айналысады. Олардың тек 14-і өз автобустары, қалғаны жал алынған автокөліктер. Жуырда қала әкімінің тапсырмасы бойынша шаһарға қосылған елдімекендерге  қоғамдық көліктерқатынай бастады. Ендігіде №142, 143, 144, 146 бағыттарында жолаушылар көлік күту азабынан құтылатын болды.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша  №142-ші жолаушылар автобусы Текесу шағынауданына, №143 Бадам-2 шағынауданына, №144 «Жыланбұзған», «Айнатас», «Елтай», ал, №146 автобус «Жаңаталап», «Көкбұлақ», «Алтынтөбе» шағынауданыдарына сағат 7.00-ден 21.00-ге дейін қозғалыс аралығы 20-30 минуттан қатынайтын болады.