Елімізге белгілі «Ummet» қайырымдылық қорының президенті Мұхаммед-Амин Құрманәлі БАӘ Елшілігімен бірлесе отырып Шымкент қаласы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітіне 15 тігін машиналарын сыйға тартты.
Мұнан былай бұл тігін сынып бөлмесі мешітке келіп, діни дәрістермен қатар қыз-келіншектер өздеріне тігін тігу өнерінде үйренетін болады.
Мешіт әкімшілігінің айтуынша алдағы уақытта бұл тігін сынып бөлмесіне арнайы мамандар шақыртылып, тігін тігу курсын ашу жоспарлануда.
Естеріңізге салар болсақ, Шымкент қаласындағы бұл орталық мешіт Біріккен Араб Әмірлігіндегі «Шейх Халифа бин Зәйд Әль-Нахайан» қайырымдылық қорының демеушілігімен 2007 жылы құрылысы басталып, 2013 жылдың 30 күні қасиетті жұма күні ашылған болатын. Шаһардағы Алла Үйі тоғыз жолдың торабы, Алматы-Ташкент тас жолы мен Темірлан тас жолы қиылысында орналасқан.