• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Сәуір, 2019

Қазақстандық велошабандоздар бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды

872 рет
көрсетілді

Ташкентте велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін Қазақстан командасы үшінші алтынын жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Евгений Федоровқа тең келер ешкім болмады. 

Естеріңізде болса, Евгений Федоров 2018 жылы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған еді. Жас спортшы өзінің құрлықта да теңдессіз  екенін дәлілдеді. 

Айта кетелік, бүгін жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Максим Попугаев пен Ульяна Сухоребрик Азия чемпионы атанған.