Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.