• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2019

«Қызғалдақ жолы» фестивалі Шымкенттің туристік мерекесіне айналады

939 рет
көрсетілді

Шымкентте қалалық туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Қызғалдақ жолы» фестивалі өтеді. Бұл туралы әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық туризм басқармасының басшысы Т.Ахметов және фестивальдің бас продюссері Т.Науменко мәлімдеді.

Қызғалдақтың Шымкент және оның айналасынан шыққандығы туралы тарихи деректерді көрсетуге арналған шараға әлемнің әр елінен келетін туристер қатысады деп күтілуде.

Аталған іс-шара барысында фестивальге қатысушыларының шеруі,  «Қызғалдақ жолы» театр көрінісі, «Қызғалдақтың ізімен» интерактивті кітабы, флористердің көрмесі мен конкурсы, Тюльп Арт-зонасы, суретшілердің туындыларының көрмесі, суреттер кескіндемесі, балалар суретінің байқауы, фотокөрме, Fashion Tulip, қатарлы қызықты бағдарламалармен қатар концерттік көрсетілім қойылмақ.

«Қызғалдақ жолы» фестивалі алдағы уақытта аланың ерекше мерекесі атауына ие болуы мүмкін. Бұл қаладағы оң имиджді тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар шетелге шығаруға қосымша серпін береді. Нәтижесінде айтулы шара туристік инфрақұрылымды дамытуға, туристік өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға, мегаполисте туризмді алға жылжытуға мүмкіндік береді», дейді шара ұйымдастырушылары.

Естеріңізге салар болсақ, Шымкент қаласына 2018 жылдың 12 айында қалаға келушілер саны 178 014 адамды құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (137 980 адам) 29 пайызды құрады.

Ішкі туризм бойынша келушілер саны 155 946 адам, өткен жылмен салыстырғанда (121 076 адам) 28,8 пайызға артып отыр.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында инвестиция көлемі 600,0 млн теңгені құрайтын «Ramada» қонақ үй және мейрамхана кешенінің іске қосылуы жоспарлануда. Жоба бойынша 45 жаңа жұмыс орындарының  ашылуы күтілуде.