• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2019

Петропавлда 3 адам ажалдан құтқарылды

880 рет
көрсетілді

Өрт сөндіру қызметкерлері облыс орталығындағы Букетов көшесі бойында қызыл жалынға оранған көпқабатты қабатты үйге жеткенде қою қара түтін арасынан көмек сұрап, айғайлаған әйелдің, құлын даусы шырқырай шыққан баланың дауыстарын естіп, көмекке жанұшыра ұмтылды.

Өлім мен өмір белдескен тұста әр секунд санаулы екенін түсінген олар бірден әбжіл қимылға кірісті. Ауланың тарлығына, жеңіл  көліктердің көптігіне қарамастан өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау майоры Руслан Базарбаев отбасын газ-түтіннен қорғау қызмет күшін жұмылдыруға  шешім қабылдады. Қарауыл 5-ші қабатқа көтеріліп, пәтерге енудің ең ұтқыр  тәсілдерін қолданды. 

«Сол минуттарда біз барлығымыз Виктор, Наталья және олардың ұлы – 6 жасар Коля бізбен бірге дем алып, өрт орнынан кетіп қалдық.

«Ең қиыны жоғарғы қабаттарды еңсеру болды. Өйткені, ащы түтін қолқаны қауып, көзді жасауратып, 3, 4 қабаттарда электр қалқаншалары жанып жатты.  Межелі жерге жеткенше отбасыны қатты уайымдадық.  Сол кезде  тағдыры қыл үстінде тұрған олардың жағдайын сөзбен сипаттау мүмкін емес. Әбден қорқып, есі шығып кеткен кішкентай Коляны Асылбек  Кеңес тыныштандырып бақты. Ерлі-зайыптылар да дін аман», дейді бөлім командирі  Аслан Есенғалиев.

Электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан өрт осылайша үш адамның өмірін жалмап кете жаздады.  Құтқарушылар дер кезінде жетпегенде  өрттің салдары әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін еді.  Оның үстіне аулаға кіре берісте қойылған металл ауыр шлагбаум біраз кедергі тудырғанға ұқсайды.

25 адам қауіпсіз жерге дер кезінде көшіріліп, басқа да сақтық шаралары уақытылы ұйымдастырылды.