Осы кезде дала өрттеріне қатысты 100-ден астам шақырту түскен. Дала өрттері облыс орталығы аумағынан бөлек, Ақтоғай, Шарбақты аудандары және Екібастұз, Ақсу қалалары маңында анықталған. Қазіргі уақытта өрт сөндіру бекеттері, еріктілер дала өртінің алдын алу үшін түрлі қауіпсіздік, сақтандыру жұмыстарын атқаруда.
Далалық және ормандық жерлер ғарыштан да бақыланады. Жалпы, былтырғы жылдың осы кезеңінде 117 өрт болып, 115 гектар жер жанып кетіпті. Бүгінде қала аумағындағы саяжайлар бақылауға алып, рейд жүргізілуде. Ал, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, орман өртенді деген мәліметке келсек, бұл жаңсақ мәлімет екен, орман өртенбеген. Бұған себеп, «Тайлақ» шаруа қожалығының орманшылары 30 гектар аумақтағы шөпке жоспарлы түрде жағу жұмыстарын жүргізген.
Бірақ, жел бағытының кенеттен өзгеруіне байланысты жалын Шарбақты ауданы аумағындағы мемлекеттік орман қорының аумағына жеткен. Жалыннан құрғақ шөп пен ағаштың тұқымдары зардап шеккен. Ал,өңірдегі «Ертіс орманы» резерватындағы орман аман.
- Қарағайлардың жас өскіндерін шарпығаны болмаса, құрғақ шөп лаулап жанған. Арада алты сағат өткен соң өрт өшірілді,- дейді инспекция басшысының м.а. Қайрат Әбілбаев. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өңірлік ТЖ департаментінің мәліметінше, өрт сөндіруге 112 адам және 34 техника қатысты.
Қазір орман алқабын тұрақты күзету,тосын өрттен сақтау жұмыстары жүргізілуде.
ПАВЛОДАР
Сурет Төтенше жағдайлар департаментінен алынды