Басқарма басшылығы көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, ойын-сауық және азаматтар көп шоғырланатын жерлерде мобильді патрульдер ұйымдастырып, қала жолдарында жол полиция патрульдерінің қызметін күшейтуде.
«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 507 қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзуға әкеп соқтырған әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
«Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзушылық, атап айтқанда, жылдамдықты асырған 30 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 26 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 4 дерегі, қарсы бағытқа шығудың 1 дерегі, қоғамдық орындарда алкогольді сусындарды ішкен 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 33 дерегі, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы үшін 29 дерегі анықталды», делінген Қызылорда қаласының полиция басқармасы баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.