• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2019

Заңсыз балық аулаушылар азаймай тұр

1016 рет
көрсетілді

Мемлекеттік мекемелер тарапынан ескертілгеніне қарамастан балық уылдырық шашатын мезгілдің өзінде қарақан басының пайдасы үшін қылмысқа баратындар азаймай тұр.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, «Киік» және «Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасының 20 күнінде 48 әкімшілік және 8 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.

Іс-шара барасында Арал ауданы тұрғынының тұрғылықты мекен-жайының ауласында орналасқан жаздық суға түсуге арналған душ ішінен 21 дана ескірген киік мүйізіне ұқсас заттар анықталып, заттай дәлелдеме ретінде куәгерлердің қатысуымен толықтай тәркіленіп алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек іс-шара барысында аң аулау қағидаларын бұзудың 9 және және балық аулау ережесін бұзудың 29 дерегі анықталды. Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 382-бабы және 383-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Кіші Арал бүгінде балықтардың түр-түріне бай. Олар уылдырық шашып көбейсе елге ырыс, кәсіпкерге нәсіп.