• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2019

Қызылорда облыстық соты «QR-code» жүйесін іске қосты

1244 рет
көрсетілді

Қызылорда облыстық соты өңірдегі сот органдарының қызметтері туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін «QR-code» жүйесін іске қосты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Енді азаматтар керекті ақпаратты «QR-code» жүйесі арқылы тез әрі оңай тауып, соттардың мекен-жайларын, мемлекеттік баждың деректемелерін біле алады. 

Сонымен қатар, осы жүйе арқылы «Сот кабинетіне» телефон арқылы кіріп, соттардың сенім телефондарын, ашық есік күндер кестелерін және т.б. анықтауға мүмкіндік бар. Бұл үшін пайдаланушы «Play market» немесе басқа бағдарламалар арқылы «Сканер QR штрих кодов» қызметін көшіріп алуы керек. 

Бұдан кейін соттың ғимаратында орналастырылған керекті штрих-код смартфонның камерасы арқылы сканерленеді. Осыдан соң экранда пайда болған сілтеме бойынша қажетті ақпарат жазылған сот парағына ауысуға болады.

«QR-code» азаматтар үшін қолайлы етіліп жасалған әрі ол алдағы уақытта жаңартылып тұратын болады.