• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Сәуір, 2019

Павлодарда Жастар форумы өтті

985 рет
көрсетілді

С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университете Nur Оtаn партиясы атынан қатысатын үміткерді қолдау мақсатында өткен форумға студенттер, жастар ұйымдары, оқу орнның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

- Президент сайлауы – демократиялық дамудың негізі. Жастар – ел болашағы, ал студенттер – қазақстандық қоғамның ең белсенді бөлігі. Біз таңдайтын кандидат елімізді алға жетелейді, ол жастарды қолдау саясатын дамытуды жалғастырады. Мемлекетіміздің әлемдік үрдістердің бір бөлігі болуы жолында тынымсыз еңбек етеді деп сенеміз, - деді  проректор А. Ақышев. 

Облыстық Ассамблея жанындағы Жастар бірлестіктерін үйлестіру кеңесінің төрағасы Рамиль Смаиловтың айтуынша, кезектен тыс Президент сайлауы – ел тағдыры өз қолымызда екенін дәлелдейтін шара.

- Біз дұрыс жолды таңдаймыз. Сайлау еліміздің дамуын бағдарлайтын маңызды қадам болмақ. Әрқайсымыз алып механизмнің бір бөлігі екенімізді түсінсек, міндетті түрде дауыс береміз. Әр дауыс пен әр пікір азаматтық қоғамның дамуы, қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті сақтау үшін маңызды, - дейді Рамиль Смаилов.