• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Сәуір, 2019

Қостанай облысында шағын жабдықталған мектептер қатары көбейген

959 рет
көрсетілді

Ауылдан ел көшкелі шағын жабдықталған мектептердің өзектілігі төмендеген емес. Олар облыстағы орта білім ошақтарының 2016 жылы 68, 2017 жылы 68,3 процентін құраса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 68,7 процентке жеткен. Қазір осындай 346 мектепте 21597 бала білім алады. Ал солардың ішінде 106 мектеп мемлекеттік нормативке сәйкес келмейді, облыстың барлық шалғайында кездесетін осындай мектептерде 4459 оқушы білім алуға мәжбүр.

Облыс өңіріндегі 158 ауылда мектеп жоқ, ондай ауылдарда 1412 бала тұрады. Оларды көрші ауылдардағы мектептерге күн сайын , кейбір ауылдарда апта сайын автобуспен тасиды.

«Елбасы тапсырмасына орай облыста осы мәселені шешу мақсатында жұмыс жүріп жатыр. Мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмейтін мектептер мәселесін шешу туралы 2019-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспары жасалып, бюджеттен бөлінген 107,1 миллион теңгеге 7 автобус сатып алынды. Мұның сыртында Қарсау ауданында инвесторлар көмегімен екі автобус алынды» деді Облыстық білім беру басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру: тәжерибе, басымдықтар мен міндеттер» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында облыстың білім беру сапасын дамыту» атты кеңейтілген алқа мәжілісінде мұнан да басқа саланың өзекті мәселелелері ортаға салынды. Солардың бірі мектеп қазандықтарының жағдайы болып табылады. 2017 жылдан бері мектепке жапсарлас салынған 148 мектептің қазандығы анықталған. Олар балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндреді. Бүгінге дейін тек 18 мектептің қазандығы дұрысталды.