Бұл туралы филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, лингвистикалық комиссияның мүшесі Сейіт Қасқабасов: - Бүгінгі лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Дания Еспаева келді. Ол ел Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған. Лигвистикалық комиссия құрамы толық құрамда болды. Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау әдеттегідей үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңдегі жазбаша жұмысқа кандидат "Ұлы Даланың жеті қыры" атты тақырыпты таңдап алды. Екінші тақырыпқа ақын Мұқағали Мақатевтың "Аманат" атты кітабын таңдап алды. Үшінші тапсырма бойынша 15 минут сөз сөйлеу керек. Кандидат бұған "Қоғам және демократия" атты тақырыпты таңдап алды.
Кандидат емтихан тапсыруға берліген уақытты толықтай пайдаланды. Лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Еспаева Дания Мадиқызының жұмыстарын жан-жақты талдап, мынадай қорытындыға келді: кандидат Дания Еспаева бірінші тапсырма бойынша "Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбын жан-жақты жетік әрі терең ашып жазған. Салауатты, сауатты да талдау жасаған. Екінші тақырып бойынша ақын Мұқағали Мақатаевтың екі өленің оқыды. Өлеңдерді өте жақсы оқыды. Қазақ тілінің нормалары бойынша ойын анық та, жетік жеткізе білді. Сөйтіп қазақ тілін жақсы меңгергендігін көрсетті. Үшінші тапсырма бойынша, яғни Қоғам және демократия" тақырыбына сай өте жақсы сөйлеп шықты. Саяси, мәдени жағынан да өте сауатты екенін танытты. Біздің сұрақтарымызға лайықты жауап берді. Демек, бұл тақырып бойынша да мемлекеттік тілді жақсы меңгерген деп жоғары бағаладық. Сонымен лингвистикалық комиссияның бағалау нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Дания Еспаева мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытындыға келді, деп сөзін түйді.