• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2010

ПАРТИЯ МІНДЕТІ – ХАЛЫҚ СЕНІМІНЕН ШЫҒУ

698 рет
көрсетілді

Кеше “Нұр Отан” халықтық-демократия­лық партиясы фракциясы мүшелерінің респуб­ликалық форумы өтті. Форум жұмысына “Нұр Отан” ХДП Төр­ағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Пар­ламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Пар­ламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, Парламент палаталарының депутаттары, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы “Нұр Отан” ХДП фракцияларының басшылары мен хатшыларынан тұратын 600-ден астам адам қатысты. Халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен мәртебелі мін­деттерді жүзеге асыруда “Нұр Отан” халықтық-демократиялық пар­тиясына жүктелген жауапкер­ші­ліктің салмағы айтарлықтай ауыр екендігі белгілі. Сондықтан да болса керек, партия мүше­лері­нің саяси белсенділіктері күн сайын арта түсіп келеді. Ел халқы тұр­мысы мен өмір сүру сапасын мей­лінше жақсартуда партия ұйым­дарының тікелей басшылығы мен қадағалау нәтижесіндегі жұ­мыс­тар тиянақты атқарылу үстін­де. Алайда, сенім мен үденің ая­сын кеңейтуге де аса мән берген жөн. Форумды жүргізген “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин алдымен жуырда Алматы облы­сы­ның Қызылағаш ауылындағы бол­ған су тасқынынан қаза бол­ған­дар­дың туыстары мен жақын­дарының қайғысына ортақтасу үшін бір минөттік үнсіздік жария­лады. Содан кейін “Нұр Отан” ХДП де­путаттық фракциясы мен Үкімет мү­шелері, басқа да қаты­сушылар Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың “Жаңа онжылдық – жаңа эко­номикалық өрлеу – Қа­зақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауының жүзеге асырылу ба­ры­сын жан-жақты талқылауға кірісті. Форум барысындағы жасалған баяндамалардың маңыздылығына тоқталмас бұрын, “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орын­ба­сары Нұрлан Нығматулин: “Бүгінгі күні Президентіміз Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев басқа­ра­тын “Нұр Отан” ХДП мүшеле­рінің саны 700 мыңнан асып, Қазақстанның әрбір азаматының жағдайын жақсартуға, еңбекпен қамтамасыз етуге, сапалы білім мен медициналық көмек көрсетуге үлкен үлес қосып келеді. Осы жолда қол жеткен жетістіктеріміз баршылық. Бірақ, онымен тоқтауға болмайды. Алда атқарар істер одан да көп. Бұл жұмыстарды одан әрі тиімді жалғастыруда, маңызды жоспарлар мен жобаларды ойда­ғы­дай жүзеге асыруда, әсіресе, Пар­ла­мент пен жергілікті мәслихат депут­аттарына, атқарушы орган өкілдеріне артылатын сенім өте зор”, – деп аймақтық барлық дең­гейдегі депутаттарға жауапты мін­деттер турасында тағы да ескертіп өтті. Мемлекеттік органдардың Халықтық тұғырнама міндеттерін жүзеге асыру жұмыстарының ат­қарылуы жөнінде де сөз етті. Ай­мақтарды дамытуда, бюджеттерді бекіту туралы шешімдерді қабыл­дауда, кадрлық мәселелер мен жер­гілікті жерлердегі нақты жағ­дайлар бойынша ел мен партия құры­лымдарының ықпалын арт­ты­руда мәслихаттар мен партиялық фракциялардың рөлі жоғары екен­дігі де атап көрсетілді. Форум барысында Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Мәжілістегі “Нұр Отан” ХДП фракциясының басшысы Орал Мұхамеджанов “Нұр Отан” партиясы мен депу­тат­тық корпус Мемлекет басшы­сы­ның Қазақстан халқына Жол­дауында айтылған міндеттер мен стратегиялық даму жоспарының орындалуын қатаң бақылауға ала­тындығы туралы айтып, партия­ның өңірдегі іс-әрекетін салмақ­тан­дыра түсу үшін оның мүшеле­рінің жұмысын одан әрі күшейте түсу керектігін тілге тиек етті. Форум жұмысында баяндама жасағандардың бірі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Гүлшара Әбдіқалықова болды. Оның айтуына қарағанда, биыл зейнетақыны 25 пайызға арттырудың нәтижесінде аталған әлеуметтік төлемдердің төменгі мөлшері 18 мың 325 теңге болса, орташа көрсеткіші 27 мың 481 теңгеге жеткен. “Келесі жылы зейнетақыны 30 пайызға өсірудің арқасында осы саладағы көрсет­кіш­тер 2007 жылмен салыс­тыр­ған­да, 2,5 есеге ұлғаяды. Ал еліміздің қаржылай тұрақты зей­нетақы жүйесін қалыптастыру аясында зейнетақы мөлшерін бұрынғы табысқа сәйкестендіру жұмысы жүргізіледі”, – деді ми­нистр. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 65 мың тең­геден көмек берілетіндігі туралы нақтылай келіп, Ұлы Отан соғы­сы­на қатысқандардың санатына кіре­тіндерге – 25 мың теңге, екінші рет некеге тұрмаған әскерилердің жесір­леріне – 25 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне – 10 мың теңге және соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген азаматтардың жұбай­ларына – 25 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілетіндігі мен бұл мақсаттарға 4,8 млрд. тең­ге бөлініп отырғандығын айтты. Форум барысында “Нұр Отан” ХДП Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Алматы об­лыс­тық филиалдарындағы партия өкіл­дері өз өңірлеріндегі атқарыл­ған нақты іс-шаралардың нәтиже­лері­мен таныстырып өтті. Партия­ның әлеуметтік саясатын толық­қанды жүзеге асыруға, агроөнер­кәсіптік өндірістерді дамытуға, ауылдағылардың тұрмыс деңгейін көтеруге, жастарды ауылда қал­ды­руға, әр аймақтарда бірлік, тұрақ­тылық пен бейбітшілікті сақтауға баса назар аударылатындығын атап көрсетті. Солардың ішінде қо­ғам­ды модернизациялауды жүзеге асыруда әр аймақ, әр өңір жеке өз бастарынан бастау керектігі туралы, сонымен қатар, депутат­тар­дың интернет ресурсын тиімді пайдалану арқылы ақпараттық технологияға бейімделу керектігі жө­ніндегі оң пікірлер ортаға салынды. Форум соңында қатысушылар Қазақстан азаматтарына “Эконо­ми­каның шикізаттық, экстен­сивті, техникалық артта қалу сипатын батыл еңсеріп шығуы үшін бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың күш-жігерін біріктіру қажет деген тоқ­тамға келді. Экономиканың нақты әрі жедел әртараптандырылуы мен оның инновациялық-технология­лық жаңғыруы – біздің басты мақ­сатымыз болуға тиіс” атты үн­деу жариялады. Бұл үндеу барлық қазақстандықтарды еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру үдерісіне белсене қатысуға шақырады. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.