Бүгін бізге бас жүлде немесе күміс медальдің бұйырмайтыны анық. Өйткені, Қазақстанның балуандарының ешқайсы да ақтық сынға шыға алмады. Десек те жерлестеріміздің барлығы да қола медаль үшін таласу мүмкіндіктерін сақтап қалды.
Атап айтсақ, 55 кило салмақтағы Қорлан Жақанша Оңтүстік Кореяның өкілі Джеон Хекжинмен, 63 кило салмақтағы Құдайберген Тұрсынов ирандық Саман Морад Абдувалимен, 87 кило салмақтағы Азамат Құстыбаев тәжікстандық Тохиржон Охоновпен және 130 кило салмақтағы Дамир Күзембаев үндістандық Прем Преммен күш сынасады. Сондай-ақ, 77 кило салмақтағы Тамерлан Шадукаев та үшінші орын күреседі.
Бүгін кешке осы салмақтар дәрежелерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болады. Ал ертең Мейрамбек Айнағұлов (60 кило), Мейіржан Шермаханбет (67 кило), Демеу Жадыраев (72 кило), Мақсат Ережепов (82 кило) және Әлихан Сыздықов (97 кило).