• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 28 Сәуір, 2019

Қостанай облысында былтыр 1157 гектар орман алқабы жанып кеткен

1141 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыс әкімінің кеңейтілген мәжілісінде Облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Шайымов баяндады. Өткен жылы 42 өрт оқиғасы 1453,75 гектар алқапты қамтыған.

«Егер 5 жылда орман алқабы 12 293 гектарға кеңейсе, оның есесіне осы бес жылда 2713 гектар жасыл алқап жанып кеткен. Орман шаруашылығы мекемелері 2018 жылы өртке қарсы шаралар жүргізбегені және ережелерді сақтамағаны үшін 32 хаттама жасап, өрттің шығуына себепкер болған 6 адамды анықтады. Құқық қорғау органдарына берген 42 материалдың ішінен 1 ғана қылмыстық іс қорғалды, 4 әкімшілік іс сотта қаралды. 32 әкімшілік айыппұл салынып, 739 мың теңге алынды, 549 мың зиян орнына келтірілді» деді Мұрат Шайымов. Мұнымен қоса басқарма басшысы орман өрттеріне қарсы күресуде жергілікті атқару органдарының қол ұрмайтынын да айтып өтті.

«Мысалы, Архимед Бегежанұлы, Қостанай облысында орман-дала өртін боддырмаудың 2018-2020 жылдарға арналған жопарын бекіткен болатынсыз. Онда тиісті орындардың немен айналысуы, оның тәртібі жөнінде нақты көрсетілген. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, қолға алынған ештеңе жоқ» деді Мұрат Шайымов. Ол мысалға Қамысты және Қостанай аудандарында болған дала өрттерін келтірді. Қамысты ауданында өткен жылы 2 күн бойы орманды даладағы өртті өрт сөндірушілер өшірген, аудан әкімшілігі тек үшінші күні ғана кіріскен. Өрт жиілейтін маусымда 2019 жылы 4 дала өрті тұтанып, ол Қамысты және Қостанай аудандарындағы орманды алқаптарға қауіп төндірген.

Бірақ аталған аудандардағы атқару органдарынан қайран болмаған. Мұны Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов теріске шығарды. Осы кеңейтілген мәжілісте облыс әкімі ормандардағы және даладағы өртке қарсы жұмыстарға, оның ішінде аудан әкімдері жүргізген жұмыстарға көңілі толмайтынын айтты. Архимед Бегежанұлы бұл жағдайдың анық-қанығын білуді орынбасары Сергей Карплюкке тапсырды, егер рас болса, кінәлілер жазаланады, қызметінен босатуға дейін баратынын ескертті.