• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 29 Сәуір, 2019

Ел тағдырына әсер етеді

1192 рет
көрсетілді

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткізудің мәні мен маңызына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Оған еліміздің батыс бөлігіндегі жоғары оқу орнының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы және Ақтөбе облыстық жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысты.
Ең алдымен осы іс-шара­ның басты модераторы, Батыс Қазақ­стан мемлекеттік меди­ци­на университетінің аға оқы­ту­шысы Бекзат Молдин мем­лекеттің одан әрі дам­уы сатысында президенттік сай­лау­дың атқаратын рөлі жоғары екенін атап өтті. Бұдан әрі ол өзінің бұған дейінгі жоғары оқу орнындағы іс-тәжірибесінен нақ­ты мысалдар келтіре ке­ліп, қай кезде де студенттер мен жастардың сайлауға деген қызығушылығы мен бел­сен­ді­лігі жоғары болып келгенін алға тартты.  Атап өтерлік мәселе, дөңге­лек үстелге қатысушылардың басым бөлігі І курс студенттері екен­дігі де оның басты ерек­ше­лі­гі деуге болады. Соның ішінде Малика Орынова мен Дамир Жолдасбаев секілді студенттер мемлекет тағдырына тікелей әсер ететін сайлауға тұңғыш рет қатысқалы отыр­ға­нын айта келіп, оған сырттай бақылаушы болмай, тікелей араласу төл парыздары екенін жеткізді. Олардың мұндай ойлы пікірлері өзге де дөңгелек үстелге қатысу­шы­лар тарапынан қолдау тапты. 

Сондай-ақ философия ғы­лым­­дарының докторы, про­фес­­сор Алтай Тайжанов тиіс­­ті заң талаптарына сәй­кес кез келген республика азама­ты­ның президенттік сай­лау­ға қатысып, өз еркімен таңдауын білдіре алуы, өзін толғандырған мәселелерді жоғары мем­ле­кет­тік органдарға жет­кізе білуі мемлекеттің демок­ратиялық тұрпатына сәй­кес келеді деген ой қорытты.

Дөңгелек үстел мәжілісі кезінде ортаға: «Сіз кімге дауыс бересіз?» деген сауал тасталып, оған орнықты да тұжырымды жауаптар қайтарылды. Бұл ретте әрбір сайлаушының прези­дент­тік­ке кандидаттардың сайлауалды бағдарламалармен танысуына толық мүмкіндіктері бар. Соған сәйкес әр азамат өз таң­дауын жасай алады. Әрине мұндай жағдайда басты ба­сым­дық ел мен халық мүддесін қорғай алатын кандидаттар мен тұлғаларға берілетіні талас туғызбайды. 

М.Оспанов атындағы Ақтө­­бе мем­ле­­кеттік меди­ци­на уни­вер­ситетінде ұйым­дас­ты­­­рылған дөңгелек үс­тел­де айтылған басты тұжы­рым­дар­дың бірі осындай. Сайлауға қа­­тысу – әркімнің өз еркі, өз конституциялық құқығы. Мұны ешкім жарлықпен неме­се декретпен бекіте алмайды. Қалай дегенде де қазіргі кезде қазақстандықтардың ең лайықты тұлғаларға дауыс беруі өте маңызды болып қала береді де­ген түйін жасалды дөңгелек үс­тел қорытындысында. АҚТӨБЕ