• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2019

Бірліктің күші - достықта

845 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында тағдыр-талайымен қазақ жерінен пана тауып, өз Отаны деп қабылдаған әр түрлі этнос өкілдерінің жастарының қатысуымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Президенттігіне кандидат ұсыну туралы шешімін қолдауға арналған форум өтті.

Форумға мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері мен облыстық ассамблея құрылымдары, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері және белсенді жастар қатысты.

Жиында сөз алған облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының мүшесі Елена Павлова: «Елбасы өзі ұсынған кандидатура - ол елдегі саяси бағыттың сабақтастығы. Елдегі алда қойған стратегиялық мақсаттардың бәріне жететін жолдың біреуі екендігі және соған тез жететініміздің кепілі болып есептеледі. Бір тудың астында, бір мақсатты ұстанып өмір сүріп жатқандықтан әрбір саяси оқиғаға аса мән береміз. Елдің болашағы үшін өз таңдауымызды жасайтын боламыз», - деді.

Сондай-ақ, облыстық «Жаңғыру жолы» ЖҚ төрағасының орынбасары, облыстық корей жастар қозғалысының төрайымы Светлана Пак, «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының мүшесі, облыстық «Жаңғыру жолы» ЖҚ төрағасы Артем Кошман Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өткізілуінің маңыздылығына тоқталып, «Nur Otan» партиясының ХІХ съезінің ҚР Президенттігіне кандидат ұсыну шешімін қолдайтындықтарын айтып, жастарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«Көп ұлтты Қазақстан - біздің бақытымыз» деген сөзді Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі айтып келеді. Оған үлкен себеп бар. Тағдырлы сәт - Қазақстан өз алдына Тәуелсізігін алар тұста қазақтар өз елі, өз жерінде қырық пайызға да жетпейтін. Сол кезде осы жастардың ата-бабалары, әке-шешелері жан-жаққа бұра тартпай бір тұтас Қазақстанның іргелі ел болуын қалап, бір тудың астынан табылды.

Енді олардың балалары да Қазақстан Президентін сайлау науқанында да ел келешегі үшін жұмылған жұдырықтай бір болуды қалап отыр.