Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа орынбасарларын таныстыруымен басталды.
«Өздеріңіз де білесіздер, біз әрбір сессияда ротация тәртібімен, сіздердің келісімдеріңізбен түрлі этно-мәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі орынбасарын тағайындаймыз. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен «Дустлик» өзбектердің республикалық қауымдастығының сарапшысы Шерзод Пулатов Өкіммен тағайындалды», деді Елбасы.