• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2019

Түркістанда «Елбасы және Қазақстан» атты көрме өтті

944 рет
көрсетілді

Түркістанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халық алдында атқарған қызметін, еліміздің жеткен жетістіктерін көпшілікке кеңінен насихаттау мақсатында сәуір айының 22 күні Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Елбасы және Қазақстан» атты көрме болып өтті, деп хабарлайды орталықтың ғылыми қызметкері.

Көрмеге облыстық музейлермен кітапханалар қатысты.  Онда Елбасыға арналған 150 – ден астам кітаптар мен 200 – ден астам естелік мағлұматтар жиынтығы қойылды. Көрменің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету. «Елбасы және Қазақстан» атты көрме Түркістан халқының  қызығушылығын тудырып, көпшіліктің жүрегін жаулады. Жалпы алғанда көрмені 1500 мыңнан астам адам тамашалады. Көрменің ашылу салтанатына «Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының» бастығы Нұрдәулет Еркінұлы Исабек сөз сөйлеп ашты. Көрмеде Мемлекет басшысының шешімдерін айшықтайтын музей және архив қорынан алынған бірегей жәдігерлер қойылды.

 Қазақстан  тәуелсіздігі мен Елбасы ажырамас түсініктер екені сөзсіз. Еліміздің болашағы бұлыңғыр болған тәуелсіздіктің ең алғашқы күрделі жылдарында Нұрсұлтан Әбішұлы үлкен жауапкершілікті арқалап, Қазақстанды әлемдік деңгейдегі танылған әрі табысты мемлекеттердің қатарына алып шықты. Бүгін міне, биік шыңымызда отырып, еліміздің қаншама қиындықтарды бастан өткергендігіне куә болып отырмыз. Елбасымыз саяси  көргендігі мен көшбасшылық дарындылығының арқасында Қазақстан халқының басын біріктіріп, ұйыта білді. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы мен стратегиялық құжаттарының, жазбаларының басты тақырыбы – еліміз бен өскелең ұрпағымыздың болашағы, Қазақстанның көркейіп, гүлденуіне арналады. Барлық қазақстандықтар үшін Нұрсұлтан Назарбаев Отаны мен оның мүддесіне қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады.