• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2019

Еліміздің Батысында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару басталды

1329 рет
көрсетілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің босатылуы бойынша жауынгерлік тумен қоштасу рәсімін өткізе отырып, салтанатты іс-шаралар басталды.

Ақтаудағы теңіз жаяу бригадасының 600-ден астам мерзімдік қызметтегі сарбазы, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысындағы Бейнеу елдімекеніндегі мерзімдік қызметтегі сарбаздар өздерінің туған жерлеріне жол тартты.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді салтанатты шығарып салуды алғашқылардың бірі болып Десанттық-шабуылдау әскерлері өткізді.  Қызметтерін адал орындап, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағандары үшін көптеген әскери қызметшілер әскерлер қолбасшысының атынан грамоталармен, әскери бөлімдердің командирлерінен алғыс хаттармен, сондай-ақ әскери қызмет туралы естелік үшін фотоальбомдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әскери бөлімдердің командирлері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері жылы лебіздерін білдірді.  

Қарулы Күштерде ағымдағы жылғы көктемде заңмен белгіленген әскреи қызмет мерзімін өткерген 6000-ға жуық әскери қызметші запасқа босатылатынын естеріңізге сала кетейік. Бір жыл бойы әскери қызметшілер әскери мамандықты игеріп, жауынгерлік даярлықта елеулі нәтижелерге қол жеткізді, бірнеше рет іс жүзінде жоғары жауынгерлік машықтарын паш етті. Босатылатын әскери қызметшілердің көбісі республикалық және халықаралық маңызы бар ҚР Қарулы Күштері ауқымындағы іс-шараларды дайындау мен өткізуге белсене қатысқан болатын.