• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Мамыр, 2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

1136 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы барша жұртты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды.

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы барша қазақстандықтарды  Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды! 

Бұл мереке еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін орасан зор әлеует – достық пен өзара түсіністіктің жарқын мерекесіне айналып отыр. 

Татулық пен келісім құндылықтары Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев саясатының әрдайым аса маңызды басымдықтары болды. Соның арқасында қоғамымыздың көпэтносты болуы, мәдениеттер мен тілдердің алуан түрлілігі  біздің артықшылығымыз бен жетістігімізге, Қазақстан дамуының берік негізіне айналды. 

Айтулы мерекені бірліктің, өз Отаны­мыздың болашағы үшін ортақ жауапкер­шіліктің ерекше атмосферасында атап өтудеміз. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы қазақстандықтардың табысты да қарқынды дамитын Қазақстанды құру үшін белгіленген барлық жоспарларды іске асыруға бірге ұмтылатынын тағы да көрсетіп берді.  

 

Қымбатты достар!

Бәріміздің ортақ міндетіміз – Тәуелсіз Қазақстанның ең бас­ты және айқын жетістіктерінің бірі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау.

Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі бекіп, нығая берсін, ал жүректерімізді ортақ жеңістеріміз үшін мақтаныш кернесін! 

Ұлы даланың әр үйіне бақыт пен береке, татулық пен табыс тілейміз! 

Қазақстан халқы Ассамблеясы