Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Мемлекет басшысы Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Өңірдің жұртшылық өкілдерімен, кәсіпкерлерімен кездесу, сондай-ақ, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысу жоспарланған», деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.