• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2019

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тарихшылармен кездесті

1199 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бір топ тарихшыларды қабылдады. Басқосуға Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген тарих ғылымдарының докторы, профессорлар қатысты. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың  «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында  Ақтөбе  өңіріндегі  тарихи-мәдени ескерткіштерге  реставрация жасау, жыр-дастандар жинағын шығару, ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізу  сынды  мәселелер қаралды. 

Облыс басшысы аталған шаруаларға қатысты  тарихшылардың  бірқатар ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мәселен, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, белгілі өнертанушы жырау Алмасбек Алматов  Едіге жырауды фольклорлық музыка  ретінде таспаға басып шығару қажеттігін ұсынса, Ә.Марғұлан атындағы археология институтынан келген ғалымдар археологиялық қазбаларға  қатысты ұсыныстарын білдірді.                                                                              

Қазір еліміз бойынша өзекті болған мәселенің бірі,  жеке меншікке  өткен  жердің иелері ғимарат салмастан бұрын   археологиялық зерттеу жүргізбейді. Бұл жер астынан шыққан  жәдігерлердің  құртылуына  алып келуі  мүмкін.    

«Тарихқа  қатысты  әрбір зерттеу жұмыстары ұқыптылықты, жан-жақты пысықталуды қажет ететін дүние.Біз әрбір бастамаға кешенді, жүйелі  түрде  кірісуіміз қажет.Көнені зерттеу оны келешек ұрпаққа табыстау біздің міндетіміз. Рухани жаңғыру болмай, экономикалық даму болмайды», деді  Оңдасын Оразалин. 

Облыс басшысы  кейбір ұсыныстарға қатысты  орынбасарына тапсырма беріп, бірнеше мәселелер бойынша жұмыстар жасалу қажеттігін айтты.