• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2019

Б.Сұлтанов жатақxанадағы өрттен зардап шеккендермен кездесті

899 рет
көрсетілді

Қала әкімі тиісті мекемелерге жан-жақты көмек көрсетіп, өрттің шығу себебін анықтауды тапсырды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, Ж.Досмұxамедұлы көшесі, 4  мекен-жайы бойынша орналасқан жатақханада өрт шыққан болатын. 

ТЖ департаментінің мәліметі бойынша, жалын 5 қабатты жатақхананың 2-ші қабатындағы 18 шаршы метр бөлмені шарпыған. Өртке қарсы қызмет бригадасы сағат 10:39-да шақырту орнына жетті. 

Өрт 11:15-те ауыздықталды. Сондай-ақ, тілсіз жаудан 26 адам зардап шегіп, оның 14-і бала екені белгілі болды (барлығы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды). Сонымен қатар, ауруханаға улану белгілері бар 12 ересек адам жеткізілді. Олардың төртеуі медициналық көмектен бас тартты. 

«Зардап шеккендердің диагнозы – газдан улану. Қазір олардың жағдайы орташа деп бағалануда», деп мәлімдеді әкімдікте. 

Төтенше жағдай орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов келіп, жатақхананың тұрғындарымен кездесті. Тиісті органдарға зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп, төтенше жағдайды тергеу жөнінде комиссия құруға тапсырма берді. 

Өртті сөндіруге 14 жедел медициналық көмек бригадасы, ТЖД екі бригадасы жұмылдырылды.