• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2013

Шаншу

499 рет
көрсетілді

Шаншу

Сәрсенбі, 6 наурыз 2013 6:29

Қыс. Биыл ауа райы құбылып тұр. Жанайым үйіне жеткенше асығып келеді. Аялдамада кісі көп екен. Біреуі отырса, екіншісі түсіп, сапырылысып жатыр. Кешікпей мұның күткен көлігі де жетті. Жылы да жайлы автобустың жұмсақ орындығына жайғасқаннан кейін кәдімгідей буындары босап, маужырай бастады. Ол өзінің қатты шаршағанын енді ғана сезінді. Таңертеңнен тізе бүккен жоқ еді. Автобус әлі біраз жүреді. Бұл екі көзін тарс жұмып, ой құшағына ере берді.

Сәрсенбі, 6 наурыз 2013 6:29

Қыс. Биыл ауа райы құбылып тұр. Жанайым үйіне жеткенше асығып келеді. Аялдамада кісі көп екен. Біреуі отырса, екіншісі түсіп, сапырылысып жатыр. Кешікпей мұның күткен көлігі де жетті. Жылы да жайлы автобустың жұмсақ орындығына жайғасқаннан кейін кәдімгідей буындары босап, маужырай бастады. Ол өзінің қатты шаршағанын енді ғана сезінді. Таңертеңнен тізе бүккен жоқ еді. Автобус әлі біраз жүреді. Бұл екі көзін тарс жұмып, ой құшағына ере берді.

…Осыдан тура үш жыл бұрын Жанайым мен жұбайы Нұржаннан бақытты жан жоқ еді. Енді сол сәттер көрген түстей, елес те бермейді. Ол кездері Жанайым әйел адам да жұмыс істеуге тиіс деп ойламайтын. Оның ойынша әйелдің басты міндеті – үйде отырып бала тәрбиелеу. Ойламаған жерден отбасының ойраны шықты. Ерлі-зайыптылар бірін-бірі көрместей болып, екі жаққа кете барды. Үш бала аналарына ерді. Қазір төртеуі осы қалада пәтер жалдап тұрып жатыр. Нұржан содан бері қарасын көрсеткен емес. Алимент төлетеді деп қауіптене ме екен, бұлардан жасырынып жүрген сияқты. Тірі жан емес пе, оған қарап, алақан жайғалы отырған Жанайым жоқ. Құдайға шүкір, жұмыс істейді, жас кезінде аспаздыққа оқып еді, кәдеге жарады. Тек, жүрегі құрғыр, соңғы кездері жиі мазалап жүр. Шаншып-шаншып кеткенде, шыбын жанын қоярға жер таппай қалатыны бар. Дәрігерлерге көрініп еді, алай қарап, былай қарап, комиссияға салды. Мүгедектік береміз, күтінуіңіз керек деді. Шошынды. Бірақ. Қайда барады?!Кондуктордың «Жастар кафесі» деген сөзі оның ойын бөліп жіберді. Автобус әлгіндей болған жоқ, ұзай берді. Ол демін алып алды да үйіне беттеді. Осындай да қолындағы дорбасының салмағы да сезіліп қалады. Екінші қабатқа көтерілді. Есікті қағуы мұң екен, ар жақтан кенжесі Заринаның «Бұл кім?» деген тәтті дауысы естілді. Бұдан кейін ананың бар шаршағаны басылып, бойын тіктеп алды.Табалдырықтан аттар-аттамаста тел өскен Әмина мен Зарина анасының қолындағы дорбаны алып, ас үйге қарай жүгірді. Ал, бәрін түсінетін Жазира болса анасының аяқ киімін шешіп, дайындап қойған жылы суды ыңғайлап, жуынып ал, шаршаған шығарсың деп бәйек болып жатыр.Бұл таң ата жұмысқа кетеді де осылай қас қарайғанда бір-ақ келеді. Балаларын күні бойы көрмейді. «Бүгін не бітірдіңдер?» деуі мұң екен үшеуі үш жақтан жамырай жөнелді. Өздері са­баққа зерек. «Бес алдық» дейді. «Өй, құлындарым-ау, қа­нат­та­рым-ау!». Ана еміреніп, үш құлыншағын бауырына басты.Дастарқанның бір күндік ырысы мен ырзығына ризашылық­пен ас қайырған Жанайым орнынан тұрып, кенжелері Әмина мен Заринаның сабағын оқытуға кірісіп, қос қуанышының ертең сабаққа киер киімін әзірлей бергені сол еді, көзі аяқ киім салғышқа түсті. Жақындай келіп, кішкентайларының бәтің­келерінің табаны тозып қалғанын аңғарды. Ол ауыр күрсінді.Қалың көрпенің астында Заринасын мейірлене иіскеп жатқан ананың ертеңін ойлап, көпке дейін көзі ілінбеді. «Көмір таусылып барады, судың, жарықтың ақшасын төлеу керек. Қыздарға жылы киім қажет. Шіркін, бір тұрақты жұмыс табылса ғой…».Жанайым көзін ашқанда қасында Жазирасы отыр екен. «Тағы жүрегің қысты ма, зәремізді алдың ғой», деді ол.Иә, жүрегінің шаншып кететіні бар. Содан бір түрлі қорқады.Таң атып қалған екен. Ол тез-тез орнынан тұрды да таңер­теңгі тамақтың қамына кірісіп кетті. Түскі асты да бірыңғайлап кетпесе болмайды. Осы кеткеннен кешке бір-ақ оралады. Он екі жасар Жазира үй шаруашылығына тиянақты болғанымен, анасы оған әлі ерте деп ас дайындатпайды. Дастарқан басына бәрі жиналып, таңғы шайларын ішкеннен кейін анасы қыздарын сабаққа шығарып салды. Өзі де жұмысқа жинала бастады. Көзі тағы да Әминаның ескі бәтеңкесіне түсіп кетті…Ол аялдамада көп тұрған жоқ. Автобусқа отырғаны сол еді, жүрегі құрғыр тағы шаншып кетті. Дәрігерге көріну керек сияқты. «Жоқ. Қазір емес, балалар не болады?! Жұмысқа кіргені сол. Ауру адамды кім ұстайды. Шыдау керек. Қайткенде де шыдау керек…».Гүлназ БИСЕН.