• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2019

Мәжіліс депутаттары Шымкентте «Құтты мекен» жобасының іске асырылумен танысты

854 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының мүшелері Дархан Мыңбай, Әбдіманап Бектұрғанов, Сәкен Қаныбеков, Уәлихан Қайназаров, Фахриддин Қаратаев Шымкентте «Құтты мекен» жобасы аясында бірқатар әлеуметтік нысандарға барды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Депутаттар Бадам өзені арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

– Бұл объект қала үшін ғана емес, ел үшін де өте маңызды. Өйткені көпір екі мегаполисті – Шымкент пен Ташкентті байланыстырып,  екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жағдай жасайды. Сондықтан, барлық мәселелер тез арада шешіліп, нысан өз уақытында пайдалануға беріледі деген сенімдеміз,  - деп атап өтті Дархан Мыңбай.

Сондай-ақ, осы күні парламентшілер «Сәуле» ықшам ауданындағы №76 мектеп ұжымымен кездесті.  Халық қалаулылары мектеп жанынан салынып жатқан қосымша 300 орындық оқу ғимараты, спорт залы, шеберхана мен асхана құрылысымен танысты.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Құтты мекен» партиялық жобасы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекетіміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін әзірленген.