2020 жыл Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арналатын болды. Бұл туралы Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Айта кетейік, Тоныкөк - Екінші Шығыс Түркі Қағандығының негізін қалаушылардың бірі. Өз заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.