• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Мамыр, 2019

«INURA» – жаңа зерттеу кешені

930 рет
көрсетілді

Назарбаев Университетінде INURА күшті импульсті ион үдеткіші негізінде жаңа зерттеу кешені ашылды. Ион үдеткішінің құрылысы – Назарбаев Уни­верситеті (Қазақстан), Бер­клидегі Лоуренс ұлттық зертханасы (АҚШ) және Томск ұлт­тық зерттеу политехникалық уни­верситеті (Ресей) арасындағы үшжақты ынтымақтастықтың нәти­жесі.

INURA – 10 мыңға жуық ампер­мен, ұзақтығы 80 наносекунд және 400,000 эВ-қа дейін энергияны (протондар мен көмір­тегі иондары) беретін жоғары импульсті ион үдеткіші. INURA үдеткіші іргелі және қолданбалы зерттеулердің кең ауқымы үшін әзірленген көп мақ­сатты зерттеу кешені. Аталған үдеткіш арқылы құрылған иондық сәуле – түр­лі қатты заттардың, соның ішінде нано­материалдардың құрылымдық модификациясы үшін бірегей және тиімді құрал. Бұдан бөлек, INURA үдеткіші жоғары қуатты иондық сәулелер физикасы және плазма физикасы сияқты салаларда жаңа ғылыми нәтижелер береді.

Үдеткішті іске қосу бойынша Назар­баев Университеті ғылыми-зерттеу тобының жетекшісі, университет Пре­зи­денті­нің кеңесшісі, Қанат Бай­ғарин INURA сөзі жүйелі жұмыстың то­лық атауынан (Innovative Nazarbayev University’s Research Accelerator) бас­­тапқы әріп­тердің қосындысынан қысқар­тылып алынғанын айтты. «Екінші жа­ғы­нан Нұра өзенінің атауы «Ай» сө­зінің ай­шық­талуымен өзіндік белгі ре­тінде жазылғандай. Нұра – Қа­зақстаннан бастау алатын еліміздегі ең ірі өзендердің бірі. INURA үдеткіші де – біздің мемлекеттен бастау алған тың жоба», деді топ жетекшісі. Оның айтуын­ша, ауқымды істің басы-қасында НУ Ғылым және технология­лар мектебінің ассистент-профессоры Александр Тихо­нов пен ғылыми қызметкері Марат Кайканов бар.

Қ.Байғарин INURA үдеткіші Білім және ғылым министрлігі қаржылан­ды­ратын ғылыми-техникалық бағыттағы бес жылдық «НУ-Беркли заттың, перс­пективалы материалдар мен энергия көздерінің сыни жағдайын зерттеудің стра­тегиялық бағдарламасын» жүзеге асыру аясында құрылғанын атап өтті. Ал аталған отандық университеттегі Ас­тана ұлттық зертханасының аға ғы­лы­ми қызметкері Меңдіхан Хасенов үдеткіштің жоғары оқу орнындағы ең негізгі базалық құрал екенін жеткізді. Оның айтуынша, осы құрал түрлі қатты денелер мен жаңа материалдарға зерттеу жүргізуге жәрдемдеседі. «Бұл – халық­аралық деңгейде атқарылған жұмыс. Біз әуелі Америкадағы Берк­ли ұлттық зерт­ханасымен жұмыс баста­дық. Сонан соң ресейлік Томск ұлттық зерттеу поли­техникалық университеті қосылды. Әр­ шетелдік жұмыстың жақ­сы жағын өзі­мізге алып, осында құрастырдық», дей­ді М.Хасенов. Ғы­лыми қызметкердің мәлі­метінше, зерттеу жүргізетін жұмыс кешенін әзір­леуге 3-4 жыл жұмсалыпты. Себебі америкалықтар берген кейбір дайын элементтерді құрастыру қиынға әрі қымбатқа түсетін болғандықтан, ресей­­ліктермен бірігіп жұмысты жеңіл­детуге біршама уақыт қажет болған.