Бейсенбі, 4 сәуір 2013 2:03
Оқиға Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында орын алды. Кешкі сағат 8-дер шамасында әкесі дүкеннен минералды су алып кел деп жұмсаған 15 жасар қызды жолдан әлдекімдер күштеп көлікке отырғызады. Қорқып айқайлаған қыздың алдымен қалтасынан азын-аулақ ақшасын алып, өзін аяқталмаған құрылыс ғимаратына алып келеді. Құрылыс ішінде жас қызды зорлап, ұрып-соғып, денесіне темекі күйдіріп басып, білгендерін жасайды.

Көлік ішіндегі төртеу кейіннен «жас иіс» бар деп бесіншісін шақырып, қызды ертеңгі сағат 10-ға дейін әурелейді. Маңғыстау облыстық ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция капитаны А.Омаровтың айтуынша, желіккендер албырттыққа бой алдырды дейтін жастар емес, кішісі 24, үлкені 31 жастағы кісілер екен. Тіпті, шақыртумен келген бесінші қылмыскер 45 жастағы қырма сақал деген сыбыс бар. Үйлі-күйлі, балалы-шағалы бұлардың бірқатары айтулы мұнай компаниясында жұмыс жасайтын болып шықты. Қылмыскерлердің қолынан аман қалған қыз үйіне келіп, мән-жайды ата-анасына баяндайды. Құқық қорғаушылар көп ұзамай-ақ қолға түсірген күдіктілерді қыз айнытпай танығандықтан, тиісті орындар тергеу амалдарын жүргізуде. Жасаған қылмыстары үшін енді олар 8 жылдан 15 жылға дейін абақтының аржағын мекен етуі мүмкін.Қазақы бауырмалдықтың, имандылықтың ұясы саналатын ауылда орын алған бұл оқиға талай жанның жанын түршіктіріп отыр. Асылы, «Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген осы болса керек.Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».Маңғыстау облысы.