• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Театр 03 Мамыр, 2019

«Астана Балет» көктемнің бас премьерасын ұсынады

1156 рет
көрсетілді

Мамырдың 11-12 күндері «Астана Балет» сахнасында би мен музыка әлде музыка мен би, қайсысы басым түсетінін осы жолы көрермен шешеді. Бұл кештерде «Өткенге саяхат» және «Қиялға бойлау» бір актілі спектакльдері көрсетілмек.

Хореограф Раймондо Ребек («Өткенге саяхат» спектаклінің авторы) өткен шақ пен осы шақ жайлы ой-толғамдарында ХІХ ғасырдағы Фридерик Шопеннің романтикалық сарынын қазіргі заманның композиторлары Эцио Боссо, Филипп Гласс пен Фазыл Сай туындыларымен үйлестірді. Шынайы және қиял әлемі, дүниетанымы мен стилі әрқилы музыка бір арнаға тоғысып, осы екі кеште балет сахнасында өркен жаяды.

Балетке музыка қажет. Бишінің мың бұралған денесі көркемдік құралға айналады. Чайковский мен Прокофьев сынды композиторлар балетке арнап музыка жазған. Уақыт өте хореографтар ұлы туындыларды ой елегінен өткізіп, оның бейнелік көрінісін спектакльдеріне арқау еткені аян.  

Екі ғасыр бұрын балет реформаторы, француз Жан Жорж Новер былай жазған-ды: «Жақсы жазылған музыка сөйлеу керек, бейнелеу керек. Әуенді бейнелеген би, музыканың әуезін қайталаған жаңғырық». Оркестр ішекті аспаптарды ойнатып еді, аяғының ұшына тұрған балерина бойын кернеген үрейді білдірді. Флейта дыбысы шығып еді, кейіпкердің күмәні сейіліп, ол жеңіл ғана қимылдарымен қуаныш сезімін танытты.

Рикардо Амарантенің «Қиялға бойлау» спектакліне тоқталар болсақ, хореограф бұл туындысын Сергей Рахманиновтың дарынына, оның тағдыры мен ғаламат музыкасына құрметін білдіру үшін шығарған. Ал аталмыш спектакльдің преьмерасы 2017 жылы өткен болатын. «Фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерт» тәнді кернеген үрейден арылып, теріс түсінік пен уайымнан бойыңызды алшақтатып, ішкі қуатыңыз пен парасатыңызды оятқан шақта ғана саф алтындай биік өнер туындысын шығару мүмкін екенін тағы да тәнті боласыз.