Теннистен Жапонияның Гифу қаласында өткен ITF санатындағы халықаралық «W80 Gifu» турнирінде қазақстандық теннисші Зарина Диас жеңімпаз атанды.
Жарыстың финалдық сайысында жерлесіміз WTA рейтингінде 190 орында тұрған Тайвань елінің спортшысы Эн Шуо Лянмен сынға түсті. 1 сағат 3 минутқа созылған бәсекеде Зарина Диас (115-орын) еш қиындықсыз 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз биылғы маусымдағы халықаралық жарыстарда өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді.