Университет ректоры Алтынбек Нухұлының айтуынша, бүгінгі жастарға елдік, егемендік рух қалдырған ұлы тұлғаларды ұлықтау – ұрпақ парызы.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында өткен тарихқа үңілу бүгінгі күнмен мәңгілік үндестік арқылы болашаққа жалғасатыны айтылды. Сондықтан, мектеп оқушылары, мұғалімдер, студенттер, жас ғалымдар, жалпы, өткен тарихқа тағзым етер қауым үшін-фильмнің айтар мәнді ойлары, көрсетер мағыналы беттері бар.
Фильм әр тұлғаға арналған 10 минут ішінде әрқайсысының өмірі мен қызметі, шығармашылығы жайында баяндап береді. Фильмдер топтамасын дайындауға тарихшылар, археологтар, әлеуметтанушылар қатысқан.
Жоба продюсері Гүлжанат Иманғазының айтуынша, оқу орынында тарихи тұлғалар жайлы деректер іздеу, архив материалдарын жинап, фильм жасауда шығармашылық топ бір жылдай жұмыс істепті. Арнайы зерттеулер жүргізіліп, мәліметтер жиналған. Архивтерден фотосуреттер, естеліктер алынған. Бұл рухани игі іске «Ғабек» ЖШС-нің директоры Ғаббас Бектұров бас демеуші болыпты.
Фильм әзірге дискілерге ғана жазылған, алдағы уақытта сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы көріп, танысуға болады. Павлодар облысы