«Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Қостанай облыстарында жоғары рейтинг екенін атап өткен жөн. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Шымкент қаласында төмен көрсеткіш. Экономиканы дамыту үшін саны емес, сапасы маңызды. Министрлік жобалардың 3 санаты бойынша талдау жүргізді. I санат –жекеше әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толық өтеу. II санат – инвестицияларды бюджет есебінен және нарықтан көрсетілетін қызметтер есебінен ішінара өтеу. III санат – бюджеттен қайтарусыз. Өтеу көрсетілетін қызметтер есебінен жүргізіледі. Осылайша, бюджеттен ең төменгі өтеуді талап ететін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамыту қажет деп санаймыз. Бұл бюджетке түсетін жүктемені алады және инвестицияны көп тартады», деді министр Р.Дәленов.
Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде жобалар пулы біркелкі бөлінген. Сонымен қатар, толық өтелетін жобалар, ішінара өтелетін жобалар да бар. Бұл ретте, 946 млрд теңге инвестиция тартылған 372 жоба бойынша бюджеттен өтеусіз және ішінара өтелетін жобалар бар.
«Осылайша, бюджетке ең аз жүктеме түсетін инвестициялар тарту үшін бюджеттен өтеусіз (II-ІІІ санат) немесе барынша аз өтелетін жобаларға көңіл бөлу қажет деп санаймыз», деді министр.