Қазіргі уақытта министрлік жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі шеңберінде жалпы 31 жоба іске асырылуда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр хабарлады.
«4 жоба автожол саласында, 2 жоба теміржол көлігі саласында, 4 жоба азаматтық авиация саласында, 21 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергия үнемдеу салаларында жүзеге асыралады», деді министр Р.Скляр.
Ведомство басшысының айтуынша, «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ)» салу және пайдалану» жобасы бойынша концессионер мобилизациялық жұмыстарды аяқтап, құрылыс монтаждау жұмыстарына кірісті. Оған қоса, жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу және несие берушілермен қаржылық рәсімдерді аяқтау процесі жалғасуда. Жол қозғалысы 2021 жылы ашылатын болады.