Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Шереметьево әуежайындағы апатқа байланысты Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкоға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Шереметьево әуежайында ұшақтың апатты жағдайда қонуы кезінде қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», делінген жеделхатта.