• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Мамыр, 2019

XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

925 рет
көрсетілді

22-24 мамырда Алматыда өтетін XVI Еуразия Медиа Форумының бағдарламасы жария етілді. Бұл жолғы басқосу «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы» тақырыбында өтеді. Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы пленарлық отырыс «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде», «Тұтыну дағдарысы», «Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?», «АІ дәуірі: адамзаттың құлдырауы, әлде гүлденуі?», «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі», «Блогерлер: виртуалдық әлемнің жаңа рок-жұлдыздары ма?», «Заңсыз-заңды: марихуана - қолжетімді!» тақырыптарында ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ жиын барысында «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Онда Орталық Азия елдерінің жаңа бірлестігінің болашағына сарапшы көзқарас білдіріледі.

Форумға 19 елден шетелдік спикерлер, еліміздің мемлекет қайраткерлері мен айтулы сарапшылары қатысады деп күтілуде. Басқосуға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Ресей, Грузия, Польша, Украина, Австрия, Қытай, Эстония, Словения, Сент-Винсент және Гренадин, Ливан, Андорра, Найроби, ОАР, БАӘ өкілдері қатысады.

Атап айтсақ, спикерлер қатарында эстон саясаткері Хендрик Ильвес, Орталық барлау басқармасының басшысы (1993-1995 жж), қуатты сақтау бойынша сарапшы, Genie Energy Ltd. стратегиялық  кеңесшісі,  Siva Power, Inc. Директорлар кеңесінің мүшесі Роберт Джеймс Вулси, конгрессмен Уэйн Кертис Уэлдон, Ресейдегі Facebook, Instagram және Messenger  аймақтық директоры Анна-Мария Тренева, Футурист  және «Мәшинелер көтерілісі»,  «Зерттеу авторлары - жасанды  ақыл-ойды жасаушылардың шындығы» кітаптарының авторы Мартин Форд, журналист, ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман, журналист, «Гордон бульвары» газетінің бас редакторы,  «ГОРДОН» интернет-басылымының негізін салушы Дмитрий Гордон, тәуелсіз журналист және «Ilves International» бас директоры Андрес Ильвес, CGTN бағдарламасының авторы және жүргізушісі Стивен Коул. 

Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар, атап айтқанда, журналистиканың цифрлық дүинедегі келешегі мен блогжүйе ықпалының күшеюі сөз етіледі. 

Еуразия Медиа Форумының басты мақсаты – Орталық Азиядағы жетекші әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Қазақстан, Еуразия және бүкіл халықаралық қауымдастықты толғандыратын геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың пікірталасына жағдай жасау.