• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2019

Қарағандылық құтқарушылар арнайы техникалармен қамтамасыз етілді

929 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Ұлттық гвардияның №52859 әскери бөлімінің автопаркі арнайы көліктермен және құрылғылармен толықты.

Құтқарушылар, сондай-ақ, дала жағдайында жұмыс істеуге арналған іші кең, жылы шатырлармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, гвардияшылар адамдарды құтқаруға, қалың қар жауып, боран соққанда және су тасқыны кезінде тасымалдауға қажетті тартқыш, бульдозер, экскаватор және екі вахталық автокөлік сияқты техникаларға ие болды.

Жыл соңына дейін ТЖД бөлімшелеріне, тағы да бірнеше жол талғамайтын көлік, автоцистерна және вахталық автокөлік сатып алу көзделген. Қазіргі уақытта құтқарушылардың қарамағында 400-ге жуық техника құралы бар.