• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Мамыр, 2019

Жастар орталығы ашылды

1152 рет
көрсетілді

Сырдарияның сол жағалауындағы шағын ауданда Жастар орталығы ашылды.

Мұнда IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс жастарын заманауи ресурстық орталықтың ашылуымен құттықтады.

«Әрине, аға ұрпақтың ізгі ісі – жастарға оң тайлы жағдай жасау. Биылдың өзінде аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 500 млн-нан аса қаржы қаралса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялаған биылғы Жастар жылына орай қосымша 70 млн. қаржыға жаңа бастамалар бірінші кезекте қолдау тапты»,-деді аймақ басшысы.

Жастар орталығы ғимараты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорны» ЖШС демеушілік қолдауымен пайдалануға беріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар