Бүгін, 7 мамыр күні Атырау облыстық ІІД дәстүр бойынша Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай салтанатты шара өткізді. Шараға ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұxамбетов және Абай Тасболатов, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ІІҚ басшылығы, жеке құрам, ішкі істер қызметінің ардагерлері мен қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасы қатысты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан сержант Шалқар Ақымғалиевқа 3 дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Орденді полиция қызметкерінің анасына облыс басшысы Нұрлан Ноғаев табыстады.
-Бүгін біз азаматтардың қауіпсіздігін, олардың бейбіт өмір сүру және жұмыс істеу құқығын қорғайтындарды құрметтейміз. Төтенше жағдайда құқық қорғау органдары кез келген уақытта адамдарға көмекке келеді. Сіздердің тиімді, кәсіби деңгейлеріңіздің нәтижесінде қылмыстар анықталып, тыныштық сақталуда. Кезекшілік міндетін атқарған кезде жиі өзіңнің өміріңді тәуекел етуге тура келеді. Ерлік пен қаһармандық үшін қаза тапқан полицейлер Асқар Бисекенов, Шалқар Ақымғалиев, Нұрберген Өтемісұлы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Ата-аналарға біздің еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде алғыс айтамыз. Қызметтік борыштарын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқандар есімі отандастар есінде мәңгі қалады,- дейді Нұрлан Ноғаев.
Ішкі істер министрлігінің полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың атынан құқық қорғау органдарының бірқатар қызметкері құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларына арналған «Құқық тәртібін қамтамасыз ету» медалімен, Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.
Арнайы полиция генерал-лейтенанты шенін Атырау облыстық ІІД-нің полиция полковнигі Аян Дүйсембаев алды.
- Біз қаза болған полиция қызметкерлерін құрметпен еске аламыз. Олардың батырлық әрекеті әрдайым күнделікті қылмыспен күрескен полиция қызметкерлері үшін ерлік пен патриотизмнің үлгісі болады, - деді Аян Дүйсембаев.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Абай Тасболатов ардагерлерге және қазіргі полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасылары мен достарына зор денсаулық пен бақыт тіледі.
Марапаттау рәсімінен кейін іс-шара ерлікпен қаза тапқан Асқар Бисекенов, Шалқар Ақымғалиев және Нұрберген Өтемісовке арналған мемориалды ескерткіш тақтаның ашылуына ұласты.
Милиция майоры Асқар Бисекенов 1993 жылы 18 сәуірде қайтыс болды. Бұрын сотталғандар тобы «Атырау-Еркінқала» тас жолына полиция қызметкерін алып шығып, ұрып, бірнеше рет пышақ жарақатын салған.
Нұрберген Өтемісов 2009 жылы 30 қарашада көз жұмды. Мас жүргізуші жол полициясының қызметкерін қағып кеткен. Таңертең ерте Авангард ауданында полицей күдікті Мерседесті тоқтатуға тырысып, өз өмірін қиды. ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
2019 жылдың 21 наурызында патруль полициясының сержанты Шалқар Ақымғалиев суға батып бара жатқан әйелді құтқаруға тырысып, мұзды суға батып кетті. Алайда, күшті ағымды жеңе алмай, полиция суға кетті. Көпірден секірген қызды оның әріптесі Рустембек Сүндетов судан шығарған.
Қатысушылар қаза тапқан полиция қызметкерлері ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.