• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 08 Мамыр, 2019

Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

1156 рет
көрсетілді

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды.

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Талғат Мұстафаұлы Матаев басқарма төрағасы болып сайланды. 

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Арман Жұмабеков ұжымға жаңа төрағаны таныстыра келіп, Талғат Матаевтың 2015 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет академиясында «Еуразиялық экономикалық одақ (Қазақстанның үлгісінде) жағдайында кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғағанын атап өтті. 

Талғат Мұстафаұлы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Йель университетінің менеджмент мектебін (АҚШ), Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет академиясын, Жоғары корпоративтік басқару мектебін бітірген. Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) дәрежесіне ие.

Талғат Матаев түрлі жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің кеңесшісі, «Қызылорда» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Оңтүстік» қаржы компаниясы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі директорының орынбасары болып жұмыс істеген. 

Қызылорда облысы әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарды; Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды. Қызылорда облыстық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасын басқарып, Қызылорда облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

2017-2019 жылғы мамыр аралығында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болған.