• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Мамыр, 2019

Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде екі қола еншіледі

911 рет
көрсетілді

Германияның Ганновер қаласында нысана көздеуден халықаралық турнир жалғасуда. 11 мамыр күні қазақстандық мергендер жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Осы бағдарлама бойынша өткен командалық сайыста Қазақстан Финляндия мен Англияны алға жіберіп, қола жүлдегер атанды. Винтовкамен 10 метрлік нысана көздеуден Юрий Юрков алтыншы орынға тұрақтады. 

Әйелдер арасында винтовкамен 50 метрлік нысана көздеуден Елизавета Корольдің нәтижесі жоғары. Ол жүлдеге қол созым жерден тоқтап, 4-ші орын иеленді. Жанель Серікбаева 7-ші, Александра Малиновская 12-ші, Виолетта Старостина 17-ші орында.