• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2019

Павлодар облысының су қоймаларында балық аулауға тыйым салынды

1066 рет
көрсетілді

Павлодар облысының су қоймаларында балықтардың уылдырық шашу маусымы басталуына байлансты оларды аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімі хабарлады.   Тыйым салу шарасы балықтардың уылдырық шашу маусымының келіумен байланысты болып отыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін атқарушы осындай бұйрыққа қол қойды. «Тыйым салу шарасы наурыздың 1-і мен маусымның 15-і аралығына жоспарланған. Осы уақытта облыстың су қоймаларындағы су жәндіктерін қоректендірумен байланысты шаралар атқырылады»,-деп толықтырды бөлім қызметкерлері.