• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Сайлау 12 Мамыр, 2019

Сайлау-2019: Төлеутай Рахымбеков және оның сайлаушылар штабы өкілдерімен кездесу өтті

1178 рет
көрсетілді

2019 жылдың 10-мамырында «Аманат» сайлауды бақылау жөніндегі азаматтық платформасында Мұсағали Дуанбековтың басшылығымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының атынан саяси додаға қатысушы үміткер Төлеутай Рахымбеков және оның сайлаушылар штабы өкілдерімен кездесу өткізілді.

Т. Рахымбеков қоғамдық ұйымның концепциясымен және оның мақсаты, орындауы тиіс міндеттемелерімен танысты. «Аманат» өкілдері кездесу барысында өзге де кандидаттар - С.Түгел, А.Таспихов және Ә.Қосановпен ұйымдастырылатын кездесулер барысы жайында да айтты. Қазір азаматтық платформа өкілдері аймақтар бойынша белсенді түрде кездесулер ұйымдастырып жатыр. 

           «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бекетаев Нұр-сұлтан  қаласы мен өзге де аймақтарда штаб-пәтерлерінің толық жасақталып біткенін айтты. Электральді компанияның мұндағы негізгі мақсаты – сайлаудың әділ өтуі, әрі партияның 7700 сенімді өкілі бақылаушы ретінде жүргенін жеткізді. 2019 жылдың 11-мамырында партияның жұмысы баталады. Ал 18:00-де үгіт-насихат шарасына ресми рұқсат берілуі тиіс.    

          Кандидат Т.Рахымбеков дебаттың өткізілуі сайлаудың әділ өтуінің бір нышаны екенін атады. Сондықтан оның командасы өзге қарсыластарымен түрлі теледебаттар өткізуге дайын екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, «Аманат» платформасында түрлі ашық дискуссиялар өткізетінін де қолдамақ.  

         Т.Рахымбеков сайлаушылардың оған дауыс беріп, сенім білдерітінінен күмән келтірмейтінін айтты. «Әрине, сайлауға қатысу - әркімнің өз таңдауы. Бірақ азаматтар ел тағдырына немқұрайлы қарамайтын болса, онда мемлекет пен оның болашағы үшін сайлауға бәрі де келуі тиіс», - деді кандидат өз сөзінде.

         Кездесу соңында «Аманат» азаматтық платформасы кандидат Т.Рахымбековке «Бақылаушы блонкотын» табыс етті және тығыс байланыс жасауға уағдаласты.