Мұндай ірі көрсеткішке «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының жай акциялары әсер етті. Атап айтқанда, ұлттық атом компаниясының құнды қағаздары 792 250 165 теңгеге бағаланып, 468 келісім жасалған. Сол сияқты «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарының негізінде 15 келісімге қол жеткізілді.
Ал ресейлік Polymetal International PLC-дің құнды қағаздар нарығындағы жай акцияларының сәуірдегі айналымы 20 340 006 долларға жетіпті.
Тағы бір айта кетерлігі, AIX-тың алаңы жаңа ойыншылармен толықты. Атап айтқанда, халықаралық биржаның Еуразиялық даму банкі мен «БанкЦентрКредит» АҚ жаңа мүшелердің қатарын толықтырды.
Айта кетейік, АХҚО-ның биржасы – AIX 2017 жылы қаржы орталығын дамыту тұжырымдамасы аясында құрылған-ды. Араға бір жыл салып, былтыр қараша айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен бағалы қағаздардың алғашқы саудасы іске асырыла бастады. АХҚО-дан басқа елордалық биржаның акционерлері құрамына – GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры, сол сияқты www.aix.kz веб-ресурсында AIX-қа сауда платформасын ұсынатын NASDAQ кіреді.
Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,
журналист