• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Мамыр, 2019

ЮНЕСКО-да «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі» форумы басталды

1330 рет
көрсетілді

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады. Іс-шараны Халықаралық Түркі академиясы мен ЮНЕСКО бірлесіп ұйымдастырды.

Жиын барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылау және Ұлы дала тарихын жаңадан пайымдау жолдары қаралу жоспарланған.

Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының маңыздылығы туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ Ұлы даланың әлемдік өркениетке зор үлес қосқанын да атап өтті.    

Жиынға Америка Құрама Штаттары, Үндістан, Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Голландия, Қырғызстан және Ресей сынды 10 елден 70-ке жуық  ғалым мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. Форум жұмысы «Ұлы дала»: кеңістік пен уақыт көкжиектері», «Түркі өркениеті және оның  әлемдік мәдениетке қосқан үлесі» және «Түркі тарихын қайта бағамдау: жаңа әдістер мен жаңа мүмкіндіктер» деп аталатын үш сессиядан құралған.

Іргелі жиын түркі тілдес елдердің тарихында айрықша орны бар атаулы даталармен тұспа-тұс келіп отыр. Атап айтар болсақ, биыл Алтын орда мен Моғолстанның құрылуына ықпал еткен Талас құрылтайына 750 жыл, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасының жазылуына 950 жыл, ақын Имадеддин Несимидің туғанына 650  жыл толады.