• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2013

Құдайберді би

866 рет
көрсетілді

Құдайберді би

Жұма, 25 қаңтар 2013 7:11

Құдайберді би Қожағұлұлы – ру басы, қазақтың белгілі биі әрі беделді батыры. Есқожаның кіші ұлы Шуаштан тарайтын Таңатар елінен шыққан. Қазақ пен жоңғар арасындағы қанды қырғында елін жаудан қорғап, Арқада, Жетісу және басқа жерлерде қалмаққа қарсы күрескен жаужүрек бабаларымыздың бірі.Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор Мырзатай Жолдасбеков астаналық жазушы Тортай Сәдуа­қасовтың «Назарбай би және туған өлке тарихы» атты кітабына жазған алғысөзінде қазіргі Астана қаласы орналасқан Сарыарқаның төсін қазақтың өзге руларымен бірге шапырашты елінің ұрпақтары да мекендеді деп ой түйеді.Тарихи деректер Құдайберді батырдың жаугершілік жылдары Қарқаралы, Ақмола, Көкшетау өңірінде өмір сүріп, би болғанын көрсетеді.

Жұма, 25 қаңтар 2013 7:11

Құдайберді би Қожағұлұлы – ру басы, қазақтың белгілі биі әрі беделді батыры. Есқожаның кіші ұлы Шуаштан тарайтын Таңатар елінен шыққан. Қазақ пен жоңғар арасындағы қанды қырғында елін жаудан қорғап, Арқада, Жетісу және басқа жерлерде қалмаққа қарсы күрескен жаужүрек бабаларымыздың бірі.Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор Мырзатай Жолдасбеков астаналық жазушы Тортай Сәдуа­қасовтың «Назарбай би және туған өлке тарихы» атты кітабына жазған алғысөзінде қазіргі Астана қаласы орналасқан Сарыарқаның төсін қазақтың өзге руларымен бірге шапырашты елінің ұрпақтары да мекендеді деп ой түйеді.Тарихи деректер Құдайберді батырдың жаугершілік жылдары Қарқаралы, Ақмола, Көкшетау өңірінде өмір сүріп, би болғанын көрсетеді.

Есім ханның тұсында Арқа жерінде қалмақтармен қоян-қолтық соғыс болады. Сол қиын сәттерде қандас туыстарына кө­мек беруге асыққан шапырашты руынан шыққан Қарасай батыр екендігін тарихтан бәріміз жақсы білеміз.Шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырдың Көк­шетау жеріндегі Құлшынбай төбесінде мәңгілік қатар жатуы да осының айғағы. Қазақтардың құба қалмақпен және жоңғарлармен үш ғасырға жуық соғысқаны тарихтан жақсы белгілі. Кең байтақ қазақ даласын жаудан толық азат ету оңайға түскен жоқ. Үш ғасырға созылған бұл ауыр шайқаста бірде қалмақтардың, енді бірде қазақтардың үстем болып тұрғаны да шындық. Арқадағы бауырларына қиын-қыстау күндер туғанда Құдайберді батырдың даңқты Қарасай бабасының ерлік жолдарын жалғастырып, қазіргі Ақмола облысының жерінде соғысқаны туралы нақты деректер мен құжаттар көптеп кездеседі. Аумалы-төкпелі кезеңде Ұлы жүздің шапырашты, ошақты және қаңлы руларының бір бөлшегі Көкшетау мен Ақмола өңіріне қоныстанып, тұрақтап қалғандығы да ақиқат. Абылай ханның тұсында аталған руларға Арқа жерінен жайлау мен қыстау бөлініп берілгенін сол заманнан қалған құжаттар дәлелдейді. 1913 жылғы Санкт-Петербургте басылып шыққан белгілі орыс ғалымы П.Румянцевтің жан-жақты зерттеліп жазылған еңбегінде бұл нақты айтылады.2000 жылы Астана қаласында жарық көрген жазушы-журналист Тортай Сәдуақасовтың «Назарбай би және туған өлке тарихы» атты тарихи-танымдық жинағында шапыраштыдан тарайтын таңатар руының бір бөлігі Арқа жеріне қоныстанып, 50-ге тарта түтіннің сонда өмір сүргені дәлелді дәйектермен көрсетіледі.Біз осы деректерге сүйене отырып, Құдайберді батырдың би болғанын, ел басқарғанын анықтай түсеміз. Қазақ жері жоңғарлардан толық тазартылып, бейбіт заманда орнағанда Құдайберді бидің Оңтүстік Қазақстан өңіріне қоныс аударып, осы өңірде ел басқарғаны, «Көзата» қорымына жерленгені шындыққа саяды.Қазақ халқының өткен тарихына қарымды қалам тартып жүрген әріптесім Тортай Сәдуақасовты 2012 жылдың қаңтар айында Ас­танаға арнайы іздеп барып, мен жетекшілік ететін Халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясы түсі­ріп жатқан «Құдайберді би» деректі фильміне байланысты сұхбат алдық.– Есқожадай қазақтың дана ұлынан тараған Құдайберді баба­мыздың ерлік жолдары қасиетті Арқа жерінде сайрап жатыр. Ба­­тыр әрі би болған, ерлігін және қара қылды қақ жарған әділ­­дігін ел жоғары бағалаған ұлы тұл­ға жүріп өткен жерлерде бол­ға­нымда ерекше тебіренемін. Осы­дан үш жыл бұрын, нақты айтқанда, 2009 жылдың күзінде Астанадан барған бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлерімен бірге Құдайберді би жерленген «Көзата» қорымында болып, зиялы жандармен бірге халық қасиет тұтатын тұлғалы жанға тағзым етіп, мың адам жиналған үлкен асқа қатыстым.Өз тарихын білмеген халықтың келешегі жоқ. Сондықтан да, тарих түбіне терең үңіліп, баға жетпес құндылықтарымызды, елім, халқым деп еңіреп өткен данышпандарымызды, батырларымызды орын-орнына қоятын уақыт жетті. Өз заманының ардақтысы болған, қазақ халқын жауынан қорғаған, өзі басқарған еліне әділдік орнатып, атақты би атанған Құдайберді би туралы шамам келгенше ізденіп, қалам тартып жүрмін. Ол менің қазақ халқын сақтап қалған ұлы бабалар алдындағы қарызым, ұлттың бір зиялы азаматы, қаламгер ретіндегі парызым, – дейді Тортай салмақты ой түйіп.Белгілі қаламгер Арқа мен Жетісуды жалғастырып жатқан тарихымыздың алтын көпірі туралы алуан-алуан сыр шертті. Көрікті Көкше өңіріндегі Бурабай ауданында Кіндікқарағай атты ауыл бар. Бұл ертеректе Мапырашты жайлауы, Мапыраштағы атығай елі деп аталған көне мекен. Соның ішінде Әйтімбет би әулетінің әуелгі қоныстарының бірі болған. Әйтімбет бидің өзі де, Серкеш, Қыдыр, Бақтыбай сынды атақты бауырлары да тарихтан белгілі. Ал бидің өзі Абылайға кеңесші болып, қанаттас жүріп, қатар қонған. Қарауыл Қанай биге өнеге, жол көрсеткен төбе би. Кезінде бұл өңір бидің Қызылағаштағы, Жамантұздағы, Қылшақтыдағы ағайындарын қоса алғанда «Алты ауылнай Әйтімбет» елі деп аталған. Мапырашты жайлауы – Абылай ханның қараша жұртымен бірге жайлауға шығып, кеңес құрған, Түркістан, Ташкент, Жетісу сияқты әртарапқа сапарға шыққанда атбасын тіреген құтты мекені. Кенесарының да кезінде ат шалдырған жері. Осы жердегі ел ағасы Жанғал батыр хан Кенемен сыйлас болған адамның бірі.Осы мекенді Қарасай батырға қатысты қасиетті орындардың бірі деуге болады. Мапырашты атауы да соған байланысты айтылады. Аудан аумағында Асыл қарағай, Тілеу қарағай, Қоныс бейіті, Мапырашты төбесі атаулары кездеседі. Бұдан әрі Қалутанға қарай Шабыра, яғни, Шапыра жайлауы созылып жатыр. Ал, Айыртаудағы Қарасай зираты көпшілікке белгілі болып, қасиетті орынға айналғалы не заман?! Бұл туралы нақты тарихи деректерді алға тартайық. 1742 жылы Жеті­судың бас батыры Наурызбай орыс елшісі К.Миллерге жолыққанда, бұрын қалмаққа бодан болып, үш жыл бұрын оларға алым төлемей шегініп кеткенін, қазір Орта жүз­­бен бірге көшіп жүргенін баяндайды. 1785 жылы капитан Андреев ошақты, байсуан, қоңырбөрік, қызылбөрік, шапырашты, қаңлы руларының Орта жүздің елімен бірге жүргенін жазады. Осы тақы­­­рыптарды сөз еткенде, біз 1913 жылы Санкт-Петербургте басылып шыққан П.П.Румянцевтің «Верненский уезд» кітабына көбі­рек ден қоямыз. Мұнда ша­пы­рашты еліне және олармен тығыз араласқан жұртқа қатысты нақты тарихи деректер айтылады. П.Румянцев өз еңбегінде: «В общину входят три родовые группы: Саурук, Баспан и Ку­дайберди… родоначальников Кашке и Танатар. Из прежных кочевок помнять ур.Кара-откель (в Акмолинском уезде) и Арка (Каркаралинском уезде). Сюда пришли из Копальского уезда лет 40 назад», – деп жазады.«Кондыбай не принадлежит даже к Большой орде, а относится к потомству Аргын, из Средней орды. Остальные группы, Сарке, Даулет, Тастамбек и Ажике, как и вся Восточно-Кастекская волость относится к потомству Чапрашты.В давные времена род Кара­сай жил в пределах нынешней Акмолинской области; по преданию могила Карасая находится на ур. Айртау в Кокчетавском уезде. Последний родоначальник, объединяющий общину – Атыгай, внук Карасая».Мемлекеттік мұрағаттан табыл­ған осы құнды құжат Құдайберді бидің Арқада өмір сүргенін, би болғанын дәлелдей түседі.«Кокчетавский окружной приказ при рапорте от 25 сентября за №7613… Заседателем от киргиз Ман­даевым удостоверений о принадлежности урочища Кындык-Карагая и Мапраша, просимых под постройку 15 деревянных до­мов, Бабасан-Багышевской волости аулним старшиною Тенали Есенбаевым, бием Джмуком Ко­­­су­­мовым, с родовичами Есетом Ку­сымовым, Кулом Баяновым, Тлек­ой Баяновым, Есенгулов Джар­кыновым, Акаем Байга­­­ло­вым… всего в 15 юртах…». Бұл ге­нерал-майор Фонь Фридрих 1854 жылы 5 қарашада қол қойған құжат.Осы құжат бойынша Кіндік­қарағай-Мапырашта қыстау салу 1854 жылы басталып, 1861 жылдары аяқталады. Яғни, бұл дерек бойынша Кіндікқарағайдың тұрақты мекенге айналуына биыл 151 жыл толады екен.Қай заманда да, тіпті бейбіт кезеңде де қазақ баласы томаға-тұйық қалмай, бір-бірімен тығыз байланыста болған. Соның бір куәсіндей, Жетісу жерінде ертеректе кіріккен Арқабай, Нұрабай, Алтай, Қарпық, Темеш, Бөріші, Бөгенбай, Қазыбек, Алшынбай сияқты есімдер кездессе, Арқа жұртында Қарасай, Құдайберді, Қараша, Қанай, Қойсоймас атты ел ағалары ұшырасады.Жетісу жері қалмақ басқыншы­ларынан азат етілгеннен кейін де Алатау мен Көкшетаудың ара­сындағы байланыс үзілмеген. Осы екі ортада қырғыз мәселесінің түйі­нін шешу керек болды. Бұл жо­рыққа тағы да Көкшетаудан Абы­лай жасақтарының баруына тура келді. Оған қоса, Қабанбай, Барақ, Бердіқожа батырлар, Жетісудың атақты ел ағалары Қаумен, Әй­тей, Кәшке, Қараш батырлар да бұған белсене қатысты. Одан Қы­таймен, Қырғызбен, Қоқанмен тең дәрежеде иық тіресуге, қалың найманның қабырғалы сұлтаны Әбілпейізбен бірдей деңгейде болуға Ұлы жүзге Абылайдың құзыреті қажет болғаны да тарихтан белгілі. Жалайыр, албан, суан, дулат, шапырашты ру­ларының би-бағландарының сұрауымен Абылайдың Әділ деген баласының Жетісуға сұлтан болып сайланғанын тарих растайды. Осы Әділдің және оның балаларының арқасында Алатау мен Көкшетаудың арасындағы байланыс қайтадан жанданып, дами түседі. Алатау мен Арқаның арасындағы осы күнге дейін жал­ғасып жатқан ұлы ізгілік жолын алғаш салған Қарасай батыр мен Құдайберді би еді.Құдайбердінің әділ билігі, ер­лігі туралы халық аузында аңыз-әңгіме көп. Енді соның біріне назар аударалық.…Таудың етегін екіге жарып ағып жатқан бұлақтың қасынан елу қадам жер өткенде, қалмақтың торуылшылары даңғыра қағып белгі береді. Көп ұзамай-ақ тау етегіндегі жазықта қазақ пен қалмақтың қолы қарама-қарсы сап түзейді.– Әй, Құдайберді, сен талай қалмақ батырының басын алдың. Мықты болсаң, менімен жекпе­­­­­жекке шық! – деп қаһарлана ай­қай­лаған қалмақтың батыры алға ұм­тылады. Екі иығына екі кісі еркін мінетіндей кең кеуделі, төртбақ, шұбар бет баһадүрден Құдайберді батыр сескене қойған жоқ.– Шықсаң, шық, қалмақтың иті! – деген қазақ батырының дауысы күркірей естіледі.«Жаратқан ием, өзің желеп-жебей гөр, Бақтияр, Бәйдібек, Қа­расай бабаларым қолдай кө­рің­дер!» – деп іштей сыйынған Құ­дайберді батыр саптың алдына шықты. Оң қолына найза, сол қолына шоқпары мен қалқанын алып, қазақ батыры дұшпанына жақындады.Әуелгі кезекті қалмақ алып, шұбар бет дүрбіт баһадүрі алып денесімен аюша қорбаңдап, ырғай сапты найзамен Құдайбердінің жүрек тұсынан түйреп өтті. Үш қабатты торкөз сауытты найза ен­ді тесті дегенде, Құдайберді сол қолындағы ағаш сапты шойын шоқпарымен қатты ұрып қалып, дүрбіттің найзасын екіге бөлді.Ендігі кезек менікі деп батыр найзасын көтергенде, дүрбіт қалмақ баһадүрі шыдай алмай кері бұрыла берді.– Кімнің қатын екендігі бел­гі­лі болды, қашпа, қалмақ, – деп айқайлаған Құдайберді қал­мақ баһадүрін басынан батық шоқ­парымен түйіп-түйіп жіберді. Жерге бүктетіліп құлаған баһадү­рін екі иығынан сүйемелдеп қал­мақ­тар ары алып кетті.Сол-ақ екен, жер астынан шық­қандай серейген ұзын бойлы тағы бір қалмақтың баһадүрі шыға келіп, жекпе-жекке Құдайбердіні шақырды.Батырын өлтірген Құдайбердіні көктен алып, жерге салып балағат­таған күйі шапырашты батыры­на тұра ұмтылды. Ұрыстың түр-­түріне әбден машықтанған Құ­дайберді дұшпанның қарша жауған соққыларын бірде болат қалқанмен қайтарса, бірде ти­­гізбей жалтарып отырады. Ол оң­тай­лы бір сәтте сол қолындағы ағаш сапты батық шоқпармен дұшпанның басына дәлдеп соғып, екінші баһадүрді де о дүниеге аттандырды.Сол күні Қасқабұлақ тауының қабырға жолының үстіндегі жекпе-жекте қазақтың қаһарман батыры Құдайберді қалмақтың бес бірдей батырын жеңіп, даңқы аспандады. Тар қыспақта, қабырға жолдағы ұрыста дұшпанын шегіндіре отырып, қазақ қолы жеңіске жетеді. Құдайберді сарбаздары қалмақ дүрбіттерді етектен өрге қойша айдап отырып ығыстырып шығады. Тар жолдың әр қадамы сайын қан төгіледі. Екі күнге созылған осы теке-тірес ұрыс қазақ сарбаздары жүйкесінің беріктігін, төзімділігін, шыдамдылығын көрсетті.Ұрыстың екінші күні түс ауа «бізден асқан жауынгер ел жоқ» деп кеудесін кере тұрып мақ­та­­­натын қалмақтар сай-сайды пана­лап жан сауғалайды. Көптеген сар­­баздар «соғысып болдық» деп қаруларын тастап, жерге отыра кетіпті. Тұтқын қалмақтарды ал­қақотан отырғызып қойып, жел­келерінде салаңдаған жуан бұрымдарын кесіп алып өртейді.– Қалмақтығың, қанішер жа­уыздықтарың осы өртенген бұрымдарыңмен кетсін, – дейді Құдайберді батыр.Жоңғар Алатауын қалмақтан тазарту жолында Басбатыр Нау­­рызбайдың, мыңбасылар Бөлек, Шыбыл Мәмбет, жүзбасы Құдай­­­берді, Ескелді, Балпық, Бақай, Жаманқара, Қасабай, Жайнақ, Дос, Ес, Қылышбек, Стамбек, Өтеп, Қареке, Саңырақ сияқты батырлардың ерліктері жалпақ елге жайылды.«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран». Осы жорықты басқарған Ұлы жүз қолының қолбасшысы Басбатыр Наурызбайдың құрме­­­тіне өзі басқарып дұшпаннан тазартқан Қутауға «Наурызбай тауы» деген ат берілді.Қазақ сарбаздары тақ тала­сынан, ішкі алауыздықтан бере­­­кесі кетіп, әлсіреген жоңғар қалмақ­тарына төрт бағыттан күйрете соққы беріп, қанішер зұлымдарды қанқұйлы ордасына қарай шегін­дірді. Алтай, Тарбағатайда Абылай хан басқарған сарбаздар бір асудан кейін келесі асуды дұшпаннан тазартып жатты. Сарыарқаның сары даласындағы зұлымдарды тықсыра қуып қанжығалы Бөген­бай басқарған сарбаздар Жоңғар қақпасы мен Барлық тауына қарай жақындады.Қапал-Арасан, Күреңбел, Сар­­қын тауында басқыншыларға күйрете соққы беріп, Қаракерей Қа­банбайдың қолы ірі жеңіске жетіп жатты. Күндіз күміс, түнде алтын болып ағатын алып Көксудың қос қапталындағы тау-тастарға бекінген жауыздардың көздерін жойып, қуатты соқылармен ше­гін­діре қуалап Басбатыр Нау­рызбайдың жасампаз сарбаздары жоғары өрледі.Жіберген жансыздары ар­қылы ұрыс барысын бақылап отыр­ған Қытай билеушілері әбі­герге түсті. Қазақ батырлары мен сарбаздарының жойқын қи­мылдары көктемгі тау суының тасқынындай қуатты, мұны тоқ­тату мүмкін еместігін біліп, тез арада қалың әскерін қара қар­ғадай қаптатып, жоңғар жеріне төге бастады. Қытайды ашса ала­қанында, жұмса жұдырығында ұстап, қуырдақтай қуырып отыр­ған Манжу империясы түптің-түбінде дәрменсіз қалған жоңғар қалмақтарына тоқсан мың адамдық алып армиясын жіберіп, жаппай қырғынға ұшыратты.Егемендіктің арқасында талай-талай көмулі жатқан қазыналардың қазбалары жер бетіне шығып жатыр. Міне, соның және бір көрінісі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданындағы Қазығұрт та­уының Шымкент жағындағы күнгей бетінде бір кездері жоңғар-қалмақ жорығында ерлікпен қаза тапқан батыр-бағландарының қорымы жатқаны анықталды.Ерін елі іздеген еркін заманның салтанат құрғаны ғой, бұл дегеніңіз. Қасқабұлақтың төл перзенті, тарихшы Әсет Арапбайұлы Кенбаев көптеген танымдық дүниелердің ізіне түсіп оқып, зерттеп, шұқшия іздеп, Қазығұрт тауының киелі төңірегінде мәңгілік ұйқыда жатқан көптеген ел ардақтылары мен бағландарын анықтапты. Осы арада «Көзата» деп аталатын қасиетті сағананың айналасы толған аруақтар зираты. Сол жерде шапыраштының Есқожа руынан тарайтын Таңатартегі Құдайберді би, батыр сүйегі жер­­ленгені белгілі болды. Оны әр кездері Аубай Байғазиев, Ха­пиза Ілебайқызы, Тортай Сә­дуа­қасов, Манарбек Ізбасаров және басқалар да тілге тиек етіп, өз пікір-пайымдарын білдіріп жүрген-ді. Енді сол ізденістердің қорытындысы шығып, түйіні тарқатылды. 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төле би ауданында Құдайберді биге арналып үлкен ас берілді.Алатаудың Суықтөбе тауы­­­нан желбіреген көк байрағын бұл­ғап, сонау Қазығұрт бөктеріне де­йін жетіп, арпалыс ұрыста соң­ғы демін тауысқан Құдайберді ба­тыр-бидің елінен арнайы өкілдер келіп, атышулы аталарына тағзым етті. Бүкіл қорымда жатқан аруақ­тарға атап, құрбан шалынды. Қа­зақстанның халық ақыны Әлімқұл Жамбылов бата беріп, қажы Рәтбек Нысанбайұлы құран оқыды.– Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би аламан жұрттың ақылманы болған. Қиын-қыстау заман «бөлінгенді бөрі жейтінін» көрсетті. Мінеки, сол дәуірдің сөз ұстағандары да батырлықтың байрағын көкке көтерген. Құдайберді би көсіліп отырып көсем сөйлейтін, найзасын егеп елді қорғайтын жау­­жүрек батыр болған. Олардың ұрпақтары да бүгінде ел тұтқа­­сын ұстап, мемлекетіміздің ір­­гесін нығайтуға атсалысуда. Кезінде шетжұрттықтардың қол­­басшыларын әспеттеп ұстадық. Заман ағымы иіріп әкетті. Енді оң-солымызды танып, Ақордамызды орнаттық. Елбасымыз бүкіл әлемді мойындатты. Айтпақшы, қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та аты шулы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы екенін еске салып жүргеннің артығы жоқ, – дейді жергілікті тарихшы Әсет Кенбаев.Қазығұрт етегіндегі Көксәйек елді мекеніндегі «Тау – жұлдыз» мейрамханасында өткен аста Оң­түстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов, сенатор Болат Жылқышиев, сол кездегі Мәжіліс депутаттары Бекболат Тілеуханов, Сәт Тоқпақбаев, Алматы облысы әкімшілігінің өкілдігінен Едіге Жүнісбеков тәуелсіз Қазақстанның жайқала жапырақ жайып, тұғырлы шаңырақ көтеруіне ұрпақтар үле­­сінің мол болуын тілеп, сөз са­бақтаса, Жамбыл облыстық мәс­лихатының хатшысы Әбдінұр Асыл­беков, Астанадан арнайы кел­ген академик-дәрігер Райыс Тө­лебаев бабалар ерлігі туралы жүрекжарды сөздер айтты.Ұмытпасам, 2010 жылдың тамыз айы болатын. Жұма күні жұмыстан келе жатқан бетімде ұялы телефон арқылы әріптесім, баспагер-жазушы Манарбек Ізбасар телефон соқты.– Доқтырхан, Асы жайлауы­нан Таңатар бабамыздың ескі қорымы табылды. Осыған орай, ұлы бабамызға ас беріп, құран бағыштамақпыз. Қолың бос болса, бейнетаспаға, фотосуретке түсіріп алғаның жөн болар еді. Оператор екеуіңді ертең таңғы жетіде алып кетейін.Ұлы бабалар өмірін жан-жақты зерттеп, қалам тартып жүрген жолдасымның бұл ұсынысына қуана келістім.Ертесіне Манарбекпен уәде­лескен жерде кездесіп, Асы жайлауына тартып кеттік. Теңіз дең­гейінен 3000 метр биіктікте жатқан атақты жайлауға Есік қаласы арқылы төте жолмен жүруге тура келді. Қаладан ұзаған соң таулы-тасты, орман-тоғайлы жол басталды. Екі сағаттай жол жүріп, Асы жайлауының бір шетіне де іліктік. Алматыда күн қайнап тұрса, жайлауда ауа райы кәдімгідей салқын. Жеңіл-желпі киініп шыққан оператор Жеңіс екеуміз кәдімгідей тоңайық дедік.– Ау, ағайындар, екі жігітке күртеше беріңдер, мына түрле­рі­мен жаурап қалмасын, – дейді ескі та­нысым, Таңатар бабамыздың ұр­пағы Нұржахан Жанболов бізге күле қарап.Алыс-жақыннан біраз аға­йындар жиналыпты. Баба рухына құран бағыштап, тағзым етуге келген үлкен-кішіге арналып үлкен шатыр тігіліпті. Үлкен қазандарда ет асылып, самаурындар бұрқ-бұрқ етіп қайнап жатыр. Тау басы тұманнан көрінбейді, айнала жап-жасыл шалғынға көмкерілген. Жайлаудың саф таза ауасы тынысымызды ашып, бойымыз жеңілдеп жүре берді.Ауыл қариялары бастап, Та­ңа­тар бабаның басына барып, құран бағыштадық. Мұнда таспен қоршалған біршама қорымдар жатыр. Осыған қарап Таңатар бидің жақын-туыстарының да осында жерленгенін аңғаруға болады. Ескі қорымдағы бабалар бейітіне зиярат еткенімізде дәл үстімізде қос қыран ұзақ уақыт бойы қалықтап ұшып жүріп алды. Біз мұны жақсылыққа баладық.Сөз орайы келгенде, айта кете­тін бір жай шапыраштыдан тарайтын Таңатар атаның ұрпақтары ұлы бабаларын ұлықтауда көптеген үлгі боларлық игі істерді жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, 2007 жылы Таутүрген шатқалында Құдайберді бидің ұрпағы, Қоқан басқыншыларымен болған соғыста үлкен ерлік көрсеткен Медетбек батырдың кесенесі ашылды. Ал 2009 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында Медетбек батырдың еңселі ескерткіші бой көтерді.2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын Құдайберді бидің ұрпақтары ұлы бабаларының басына құлпытас орнатып, батыр рухы асқақтай түсті. 2011 жылдың желтоқсан айының басында үлкен тұлғаның ұрпағы, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов бастаған бір топ зиялы қауым Төле би ауданындағы Көзата қорымында болып, Құдайберді бабаға құран бағыштап, тағзым етіп қайттық.– Құдайбердінің осы өңірде соғысқаны, би болғаны, «Көзата» қорымында жерленгені айдай анық. Бұл туралы қазақтың атақты ғалымы Шоқан Уәлиханов өз еңбегінде нақты жазады, – дейді жергілікті тарихшы дәйекті деректер келтіріп.Ел басына күн туғанда етік­­­­­пенен су кешкен, халқының бо­лашағы үшін басын қатерге тіккен, қасиетті кең байтақ даламызды қас-дұшпаннан сақтап қалған батыр бабаларымызды біз әрқашан да қастерлейміз, ардақтаймыз.Елім деп еңіреп өткен ерлердің бірі, әрі би, әрі батыр Құдайберді бабамыздың арада қанша уақыт өтсе де есімі ұмытылған жоқ. Батырдың жүріп өткен даңқты жолдары ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге болып жалғасып келеді.Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК,жазушы, халықаралық«Түркі әлемі» телесту­дия­­сы­­ның директоры.

Суретте: Құдайберді би.