Нұр-Сұлтанда велотректен өтіп жатқан Silk Way Series Astana рейтингілік турнирінде қазақстандық Әлішер Жұмақан жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол «скретч» бағдарламасы бойынша топ жарды. Екінші орынды тағы бір қазақстандық спортшы Сұлтанмұрат Мірәлиев иеленді.
Үздік үштікті қытайлық Ли Джинсонг тұйықтап тұр.
Еске сала кетейік, кеше «омниум» бойынша команда үздігі Артем Захаров алтын жүлде жеңіп алған болатын.